Аймақтар • 22 Қазан, 2020

Ақ Жайық ауылдарында да мурал салына бастады

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақсай қаласында Абай Құнанбайұлы, Бауыржан Момышұлы, Батырхан Шөкенов сынды белгілі тұлғалардың суреті көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғасына салынғанын бұдан бұрын жазған едік. Енді Батыс Қазақстан облысының өзге аудан орталықтарында да осындай муралдар пайда бола бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақ Жайық ауылдарында да мурал салына бастады

Суретті түсіргендер Арай ЕСМАҒҰЛОВА мен Нұрбек ИХСАН

Жақында Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайқын ауылында қос қабатты үйдің қабырғасына Жәңгір ханның бейнесі салынды. Муралды оралдық суретшілер Яков пен Дарья Полищук салып шыққан.

Айта кетейік, 2021 жылы Бөкей хандығының құрылғанына 220 жыл толмақ. 1801 жылы Нұралы ханның баласы Бөкей сұлтан қоластындағы халқымен бірге Еділ-Жайық өзендерінің арасындағы байтақ далаға өтіп, Ішкі қазақ ордасының, яғни Бөкей хандығының негізін қалаған болатын.

12

Осы күндері Ақжайық ауданының орталығы Чапаев селосында да ұлы Абайдың бейнесі салынып жатыр. Ихсанов көшесінде орналасқан 2 қабатты үйдің қабырғасына бейнелетін бұл мурал ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына арналған.

 

 

Батыс Қазақстан облысы