Бизнес • 23 Қазан, 2020

Маңғыстаулық көпбалалы ана ерекше сабын шығарады

969 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау-1 ауылының 29 жастағы тұрғыны, көпбалалы ана Гүлзия Қойлығулова нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасымен бизнес идеясын іске асырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Маңғыстаулық көпбалалы ана ерекше сабын шығарады

Бастапқыда Гүлзияның ойы балаларға арналған аттракцион ашу болатын. Алайда білім алу барысында маркетингтік талдау, сұраныс деген ұғымдарды үйреніп, ойын түбегейлі өзгертеді. Ол күнделікті шығыны қай нәрсеге кететінін анықтай келе, кір сабын шығару бизнесіне тоқталған.

Қажетті құрал жабдықтарын алып, сабынды шығаратын және кесетін құрылғыларын сатып алады. Бүгінде Гүлзия Атамекен ауылында орналасқан кішігірім цехта күніне 2000-ға жуық кір сабын шығарып отыр. Кәсіп иесі шикізатты KFC, Бархан бургер, Каспий гриль тез тамақтану орталықтармен бірлесіп келісімшарт негізінде алады. Дайын өнімдерін ауданның орталық базарына, қала супермаркеттеріне жеткізеді..

"Менің бір айдағы таза табысым 100 мыңға дейін жетеді. Ендігі жоспар кір сабынды кептіретін және сыртын қаптап шығаратын құрылғыларды алғым келеді. "Бастау Бизнес" жобасы арқылы осындай ерекше кәсіптің ашылуына септігін тигізгеніне ризамын. Білікті мамандарымыздың кәсіптің негіздеріне үйретіп, бағыт бергені қуантады", деді кәсіпкер Гүлзия Қойлығулова.