Қазақстан • 23 Қазан, 2020

Судьяларға сұранысты күшейту қажет - Мемлекет басшысы

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы судьяларының VIII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев судьяларға сұранысты күшейту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Судьяларға сұранысты күшейту қажет - Мемлекет басшысы

"Қоғамның мемлекетке деген сеніміне сыбайлас жемқорлық, қылмыстық қол сұғушылық, біліксіздік айтарлықтай нұқсан келтіреді. Мен бұрынғысынша осындай жағымсыз фактілер туралы көптеген хаттар, өтініштер аламын. Заңды бұзған судьялардың сұранысын қатаңдату қажет деп санаймын. Әрине, қатаң шаралар жеткіліксіз. Тиісті сот этикасын сақтау керек", деді Президент.

Мемлекет басшысы жаңа стандарттар судьялардың процестердегі, ұжымдағы, қоғамдағы мінез-құлық мәдениетін регламенттеуі тиіс екенін атап өтті.

"Тиісті талаптар адвокаттар мен заң консультанттары үшін де міндетті болуға тиіс. Мұндай тәжірибе көптеген дамыған елдерде бар. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен сот органдарының адалдығы мен параға сатылмаушылығының жаһандық желісі құрылды", деп толықтырды ел Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев судьялар жұмыс істейтін жағдайларға барынша назар аудару қажеттігін айтты.

"Мен Алматы қалалық сотының судьясының сөз сөйлеуімен келісемін, ол судьялардың жиі орынсыз жағдайда жұмыс істейтінін айтты. Біз Үкіметке қазіргі проблемаға барынша назар аудару үшін тиісті тапсырма береміз", деді Мемлекет басшысы.