Қазақстан • 23 Қазан, 2020

"БАҚ туралы" заңға қашан түзетулер енгізіледі?

370 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақпарат министрі мемлекеттік тапсырыстың қалай өзгеретінін және "БАҚ туралы" заңға қашан түзетулер енгізілетінін айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

"БАҚ туралы" заңға қашан түзетулер енгізіледі?

"Біз бас редакторлармен бірнеше рет кездесу өткіздік, БАҚ-ты дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Дәл сол жерде мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа қатысты барлық проблемалық мәселелер айтылды. Барлық проблемалық мәселелерді ескере отырып, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру мен үлестірудің жаңа ережелерін әзірлеу аяқталып қалды. Жұмыс тобының құрамына барлық БАҚ енді, күн сайын олармен консультациялар өткізіледі. Мақсатымыз қандай? Бірінші кезекте, біз БАҚ өнімдерінің баға саясатын өзектендіру үшін маркетингтік зерттеулер жүргіземіз. Сондай-ақ, аналитикалық материалдардың көп болуын және оларға көп қаражат жұмсауды қамтамасыз ету бағытында жұмыс істейміз. Бүгінгі жағдайды ескере отырып, мультимедиялық өнімдерді көбейтуге тырысамыз", - деді АҚДМ басшысы.

Жұмыс топтары қызметінің нәтижелері және мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру мен үлестірудің жаңа тәсілдері брифинг барысында жеке айтылады.

Ал "БАҚ туралы» заңның жаңа редакциясына келер болсақ, заң жобасы келесі жылы ғана дайын болады. "Егемен Қазақстанның ең алғашқы заңы "Баспасөз туралы" болды, кейін қолданыстағы заң пайда болды, ол 1999 жылы қабылданды. Осы жылдар ішінде 45 түзету енгізілді. Бірақ бұл жеткіліксіз, өйткені қазіргі заманғы сын-қатерлер, коммуникацияның жаңа құралдары, жаңа ұғымдар пайда болды. Жаңа тұжырымдамада тұжырымдамалық аппаратты анықтауымыз керек.

Заң жобасы журналистердің, әсіресе жаңадан пайда болған коммуникация құралдарының мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін және "блогер" түсінігін анықтауға бағытталады", - деп атап өтті Балаева бастамашыл азаматтарды құжатты белсенді талқылауға және ұсыныс жасауға шақыра отырып.