Сарапшының айтуынша, вирустар смартфонға мобильді қосымшалар жүктеген кезде жұғуы мүмкін. Вирус көбінде қарапайым ұйымдастырушы бағдарламалардан жұғатын көрінеді. Смартфонына вирус жұқтырғандар әлдекімдердің бопсалауына ұшырауы мүмкін. Сол себепті телефондағы қосымшаларды жиі саралап, антивирус орнатып тұру ұсынылады.