Спорт • 26 Қазан, 2020

«Астана» капитаны алтыншы орында

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Италия мен Испания тас жолдарында велоспорттан жылдың ең соңғы жарысы өтіп жатқаны белгілі. Әзірше, «Вуэльтаға» қарағанда «Джиро д’Италияда» сынға түсіп жат­қан «Ас­тана» өкілдері тәуір нәтиже көр­сетуде.

«Астана» капитаны алтыншы орында

Италиядағы жарыстың 20-кезеңінде «Астана» капитаны мәре сызығын 18-ші болып кесті. Ал бұл кезеңде Тео Гэйган Харт (Team INEOS Grenadiers) топ жарды. Жалпы есепте Джею Хиндли (Team Sunweb) көш бастап келеді. Ал «Астана» капитаны алтыншы орында тұр.

«Испания Вуэльтасының» бесінші кезеңінде Тим Велленс (Lotto Soudal) алдына жан салмады. Мәреге қалың топпен бірге жеткен «Астананың» испаниялық велошабандозы Алекс Аранбуру кезеңді алтыншы орынмен қорытындылады. 5-кезеңнің нәтижесі бойынша, жалпы есепте Примож Роглич қызыл жейдеге иелік етуде. «Астана» командасының өкілдерінен ең жақсы нәтиже Горка Исагирреге тиесілі. Ол 19-орында келеді.