Жыл басында Үкіметтің экономикалық блогы нан, макарон өнімдері, қарақұмық жармасы, тазартылған күріш, сиыр еті, жұмыртқа, күнбағыс майы, тұздың шекті бағасын белгілеп, Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика министрліктері бірлескен бұйрыққа қол қойған болатын. Бағалар әр аймаққа жеке белгіленеді.

Нұр-Сұлтан қаласында бірінші сұрыпты ұннан пісірілген 1 кило нан 150 теңге, Алматы мен Шымкент қалаларында 146 теңге тұратын болады. Осылайша нан бөлкесінің құны Нұр-Сұлтан қаласында – 82,5 теңгеден, Алматы және Шымкент қалаларында – 80,3 теңгеден аспайды. Ал қарақұмық жармасының бағасы Алматы мен елордада бірдей – 339 теңге. Сиыр еті Нұр-Сұлтанда 2 113 теңге болса, Алматыда 2 169 теңгеден аспайды. Шекті бағаларды Сауда және интеграция министрлігінің сайтынан көруге болады.
Бұл тауарлардың шекті бағасын қымбаттатқандар 265 100 теңгеден 530 200 теңгеге дейін айыппұл төлейтіні сол кезде белгілі болған. Қымбатшылықтың қыспағына түскен қарапайым халық Үкіметтің немесе Ұлттық банктің бірлескен мәлімдемесіне сенерін, я сенбесін білмей отыр. Өйткені бүгінгі таңда түрлі қауіп қылаң беріп тұр. Тәуелсіз сарапшылар жыл соңына қарай инфляциялық үдерістер күшеюі мүмкін екенін айтып жүр.
Биыл тамыз-қыркүйек айларында азық-түлік өнімдері бағасының өсуі байқалады. Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, елде 9 айда азық-түлік 7,4%, азық-түлік емес тауарлары 3,9%-ға қымбаттаған. Елде жұмыртқа – 4,4%, қант – 1,5%, макарон өнімдері – 1%, ұн, сиыр еті, шай, мұздатылған балық – 0,9%, жылқы еті – 0,8%, шұжық өнімдері – 0,7%, қой еті, сары май, ірімшік – 0,6%, нан, күріш 0,4%-ға қымбаттаған. Темекі өнімдері – 0,5%, алкогольді сусындар 0,4%-ға өскен. Бағаның төмендеуі жеміс-жидектер мен көкөністерде байқалады.
Баға дес бермей тұр. Үкіметтің ақталуға себеп таппай қиналған жері де осы. Қазақстанда әлеуметтік маңызды өнімдердің бағасы жыл басынан бері 4,2%-ға өсті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі ішкі сауда департаменті директорының орынбасары Ерлан Ешназаров онлайн-брифингте ашып айтты. «Министрлік 19 әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасына мониторинг жүргізеді. Жыл басынан бері бағалар 4,2%-ға өсті. Бұл – 1 қазандағы мәліметтер. Бірақ мамырдан қыркүйекке дейін бағалар біртіндеп құлдырай бастады, ал мамырда олар 0,1%-ға өсті, маусым мен шілдеде мүлдем болған жоқ. Тамыз айында бағалар 0,3%-ға, қыркүйекте 0,4%-ға төмендеді. Жалпы, төмендеу 1,3%-ды құрады», деді Е.Ешназаров.
Бағаны реттеу үшін министрлік тұрақтандыру қорларын құрады. Қазір Қазақстандағы тұрақтандыру қорында 25 мың тонна азық-түліктің резерві қалыптасқаны осы жиын барысында белгілі болды.
– Төтенше жағдай кезінде бағалар көтерілді. Бұл жеміс-жидек пен көкөністердің бағасы өсіп жатқан мезгілге сәйкес келді. Бір жарым ай ішінде наурыз айының ортасынан сәуірдің аяғына дейін бағалар шамамен 2%-ға өсті. Яғни, жалпы өсімнің шамамен 90%-ы елдегі төтенше жағдай кезеңіне түсті. Бірақ мамыр айынан бастап бағалар тұрақтана бастады, – деп қосты ведомство өкілі.
Қазақстан отандық азықпен өзін өзі қамтудың 80%-дық межесінің ауылы алыс екенін көріп отырмыз. Жер табиғаты аграрлы-индустриялы ел атануға мүмкіндік берсе де, өсімдік өсіру, агроөнім өндіру, мал шаруашылығын дамыту сияқты салалар әлі қожырап тұр. Көкөнісімізді Қытайдан, ағарғанымызды Қырғызстаннан жеткізіп отырмыз. Қазірге дейін өнімді шаруаның қолынан тікелей базарға шығаратын сату жүйесі қалыптаспағандықтан, ауылдағы ағайын күнкөрістен артылған ет-сүтін өткізетін жер таппай делдалдардың қызметіне тәуелді болып отыр.
Сарапшылар осы кемшілікті жоймай, Орталық Азияның азық-түлік хабы атанамыз деп ертерек айтып қойғанымызды айтады. Халық көп тұтынатын қой мен сиыр еті күрт қымбаттап кетті. Айталық қой етінің бағасы былтыр 16%-ға өссе, сиыр еті 17%-ға қымбаттаған. Бұл еліміздегі инфляция деңгейінен 3 есе жоғары.
Бір жылда 26 мың тонна ет пен ет өнімдерін экспорттасақ, есесіне 252 мың тоннасын сырттан тасығанбыз. Қаңтарда Қазақстандағы инфляция көрсеткіші 5,6%-ды құрағанымен, азық-түлік бағасы орта есеппен 9,2%-ға қымбаттап, ет пен ет өнімдері – 13%, құс етінің бағасы 14,7%-ға өскен.
Ет өнеркәсібі – еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің басым бағытының бірі. 2017-2021 жылдарға арналған АӨК-ті дамыту бағдарламасында ет өндірісіне ерекше назар аударылған. Аталған саланы дамытуға жыл сайын 116 млрд теңге бөлінеді, оның ішінде: асыл тұқымды мал басын көбейтуге – 60 млрд теңге, мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге – 56 млрд теңге.
Бұл ретте ет өнімдері өндірісінің артып келе жатқанын айта кеткен жөн. 2020 жылдың қаңтар айында ғана 21,2 млрд теңгенің өнімі қайта өңделген. Ал 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанда жалпы құны 269 млрд теңгенің ет өнімдері өндірілген. Нақты өсім 8,1%-ды құраған.
Дегенмен бұл салада шикізат тапшылығы қатты сезіледі. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сүйенсек, қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың өндірістік қуаты тек 30-40% пайдаланылады. Шикізат тапшылығына ет экспорты себеп.
Экономист Тоқтар Есіркеповтің түсіндіруінше, Үкімет экспортқа ет шығарудан бұрын, алдымен ішкі нарықты етпен қамтамасыз етуге назар аударуы тиіс. Азық-түлік тауарларының стандарттары бойынша Кеңес өкіметі кезінде ғалымдар анықтаған норма адам басына шаққанда жылына 82 килограмм екен. Ал 2000 жылдардың басында біздің үкімет 82 килограмды 41-ге түсірген. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мәліметінше, қазақтардың ет өнімдерін тұтыну көрсеткіші бұдан да төмен көрінеді. Олардың есебінше, 2017 жылы жан басына шаққанда әрбір қазақстандық орта есеппен 36,5 кило еттен тұтынған екен. Соның өзінде бұл әлемдегі орта деңгейден әлдеқайда жоғары. Бірақ жыл сайынғы төмендеп келе жатқан көрсеткіш жақсылықтың нышаны емес. Мәселен, биыл жыл бастала салысымен Қазақстан қалаларында ет бағасы тағы қымбаттады.
Ұлттық тұтынушылар лигасының төрайымы Светлана Романовская пандемияның өршіп жатқан шағында 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің тек 9 түрінің ғана бағасы шарықтамай, қолдан ырықтандырып тұрғанын айтады. Бірақ соған қарамастан сүт, сүт өнімдерінің құны аспандап кетті. Ал шекара асып келетін өнімдердің құны 70%-ға шарықтаған.
Сарапшылар апта басынан бері инфляцияны ауыздықтау үшін тек Ұлттық банк пен Үкіметтің бірлескен әрекеті аздық ететінін ашық айтып отыр. Инфляциямен күрес жөніндегі комиссия да мәселені шеше алмайды. Азық-түлік тапшылығы мен қымбатшылықты мемлекеттік бағдарлама арқылы шеше алмаймыз. Бұған мемлекеттің әлеуеті жұмылдырылуы тиіс. Пандемия мен дағдарыс қос өкпеден қысқан қазіргі заманда халықты кедейшіліктің қамытымен жалғыз қалдырып қоюға болмайды. Ұтқыр шешім керек.
Қаржыгер Бейсенбек Зиябеков инфляцияны бірер комиссия немесе жұмыс тобының күшімен ауыздықтай алар болса, Қазақстан әлдеқашан Еуроодақ елдеріндегі инфляциялық стандартқа жақындайтынын айтады. Бірақ іс жүзінде олай болмай отырғанын айтқан экономист осы көктемде Үкіметтің азық-түлік қоймаларын көптеп салу туралы идеясынан үміттенгенін айтады. Егер бұл идея жүзеге асар болса, халық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, бау-бақша өсіруге мүмкіндік алар еді. Б.Зиябековтің түсіндіруінше, бағаны тұрақтандыратын фактор – Үкіметтің шешімі емес, азық-түлік қоры. Қара күз аяқталмай жатып, баға қымбаттаса, ертеңгі қыста қандай боларын ойлаудың өзі қорқынышты.
АЛМАТЫ
Өнер • Бүгін, 22:05
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Бүгін, 21:27
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Бүгін, 21:16
Нигерияда бандалар ұрлаған 300-ден астам мектеп оқушысы босатылды
Әлем • Бүгін, 20:40
Ақмола облысы: Экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жол картасына өзгеріс енгізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:50
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Бүгін, 19:20
Бельгияда коронавирустың «үшінші» толқыны туралы айта бастады
Әлем • Бүгін, 18:50
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Бүгін, 18:00
Ақмолада сотталғандар кездесудің орнына екі сағаттық бейнебайланысқа шығады
Аймақтар • Бүгін, 17:14
«Канело» мен Йылдырым титулдық жекпе-жек үшін қанша гонорар алды?
Спорт • Бүгін, 16:27
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Бүгін, 16:00
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 15:07
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Бүгін, 14:34
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Бүгін, 14:02
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Этномәдени бірлестік өкілдері Сәбит Мұқанов саябағына ағаш отырғызды
Аймақтар • Бүгін, 13:17
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Бүгін, 12:40
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Бүгін, 12:25
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Бүгін, 11:21
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Бүгін, 10:44
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Бүгін, 10:41
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Бүгін, 09:58
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:26
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар