Қазақстан • 26 Қазан, 2020

Мешіттерде бес уақыт намаз оқуға рұқсат берілді

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz-ге сілтеме жасап.

Мешіттерде бес уақыт намаз оқуға рұқсат берілді

Комиссия театрлар мен мешіттердің жұмысына қатысты бірқатар шешім қабылдады.

"Биыл 2 қарашадан бастап рұқсат етілсін:

- 30%-ға дейін толығумен, бірақ залда 100 адамнан асырмай, театрлардың жұмыс істеуіне (әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен);

- жұма намазын қоспағанда, мешіттерде ұжымдық намаз (бес намаз) өткізуге, бірақ залда 100 адамнан асырмай (2 м әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен)", делінген комиссия шешімінде.