Ауа райы • 26 Қазан, 2020

Елімізде жеті облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

305 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елімізде жеті облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде жеті облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

27 қазанда күндіз және таңертең Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады. Жылдамдығы 23-28 м/с жетеді, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с асып кетуі ықтимал.

27 қазанда тәулік бойы, 28 қазанда түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын түседі, кей жерлерде қатты жаңбыр жауып арты қарға ұласады.

27-28 қазанда тәулік бойы кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, 15-20, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

27-28 қазанда Петропавлда көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күші 15-20 м/с, 27 қазанда күндіз, 28 қазанда түнде екпіні 23-28 м/с жетеді.

27 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.

27 қазанда Қарағанды қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

27 қазанда Жезқазған қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 27 қазанда Ақтөбе облысында кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Ақтөбе қаласында 27 қазанда көктайғақ, солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

27 қазанда Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, күндіз екпіні 23 м/с болады. Қызылорда қаласында 27 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

27 қазанда Ақмола облысында жауын-шашын, кей жерлерде жаңбыр, қалың қар жауады. Тұман, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Көкшетау қаласында 27 қазанда кей кездері тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетеді.

27 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде күші кей жерлерде 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ертең Өскеменде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Семейде 27 қазанда оңтүстік- шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.