Аймақтар • 26 Қазан, 2020

Қостанайда 2000 жылғы жігіт 11 күннен бері табылмай жатыр

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайлық полицейлер 2000 жылы туған жігітті іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Қостанайда 2000 жылғы жігіт 11 күннен бері табылмай жатыр

"2000 жылы 23 шілде күні туған Ганя Олег Викторовичке іздеу салынды. Ол 15 қазан күні Бағаналы ауылынан И.Павлов атындағы ауылға шығып, сол күйі хабарсыз кеткен. Қостанай қаласында жүруі мүмкін", делінген ведомство ақпаратында.

Полицейлер жоғалып кеткен жігітке қатысты ақпаратты жариялады. Оның бойы – 175 сантиметр, орта денелі, шашы ақшыл, көзі сұр-көк түсті. Үстінде көк түсті камуфляж костюмі болуы мүмкін.

Жоғалған адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпараты бар адамдар мына телефондар бойынша хабарласа алады: 8-777-973-19-40, 8-707-197-18-48, 8-707-252-15-00 немесе "102".