Аймақтар • 26 Қазан, 2020

ШҚО тұрғыны 35 жыл бойы құжатсыз жүрген

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметіне Алтай ауданындағы Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметтендіру орталығының маманы жүгініп, 1974 жылдан бері ресейлік төлқұжатпен жүрген 63 жастағы зейнеткерге көмек көрсетуді сұраған, деп хабарлайды Egemen.kz

ШҚО тұрғыны 35 жыл бойы құжатсыз жүрген

Анықталғандай, әйел адам Қазақстан Республикасына 1985 жылы Ресей Федерациясының Пермь облысынан көшіп келген. Ол Қазақстан азаматтығының жеке куәлігін алмай, 1974 жылғы үлгідегі паспортпен жүрді. 2012 жылы өз бетімен куәлігін ауыстырып көрмек болып еді, бірақ онысынан түк шықпаған.

"Полицейлер қысқа уақыт ішінде қажетті ақпараттарды алу үшін Ресейге сұраухат жіберді. Тиісті жауап алынғаннан кейін зейнеткерге Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі жасалған", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өз кезегінде Анна Александровна полиция қызметкерлеріне құжаттарды дайындауға көмектескендері үшін алғысын жеткізді.

Осы ретте, ШҚО ПД көші-қон қызметі әлі жеке басын куәландыратын құжаттарды алмаған тұрғындарға өздерінің тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімшесіне жүгінуі қажеттігін еске салды.