Әлемдік пандемияға байланысты жаз мезгілінде шетелдің шекаралары жабық болған соң отандық саяхатшылар шалғайдағы мемлекеттерге шыға алмай қалды. Есесіне елімізде жаз бойы ішкі туризмге деген сұраныс арта түсті. Десе де бұл салада елімізде орасан жұмыстар атқарылуы қажет екені де байқалып қалды. Олар – сервисті жақсарту, инфрақұрылымды дамыту, жаңа табиғи аумақтарды игеру.
Табиғатқа зиян келтірмеу үшін осы міндеттерді сауатты және жауапты іске асыру туралы әйгілі дат сәулетшісі Ян Гейл құрған Gehl Architects консалтингтік компаниясының жетекшісі қызметінде ұзақ уақыт болған, сәулет және урбанистика жөніндегі италиялық сарапшы Рикардо МАРИНИМЕН тілдесудің сәті түскен еді. Оның пікірінше, қазіргі заманғы түсінікте жайлы орта қала шекарасында аяқталмауы керек, қала маңындағы және қоршаған табиғи аймақтарды да қамтуы тиіс.

– Рикардо, айтыңызшы туристік инфрақұрылым объектілері табиғи ландшафтпен қаншалықты үйлесуі тиіс?
– Қорғалатын табиғи аймаққа араласу туралы әңгіме болғанда, басты мәселенің бірі – сәулет нысандарының дұрыс орналасуы. Табиғи ландшафты не құрайтынын түсіну, жел бағыттары мен өзен ағысын жете білу, жалпы пейзажға назар аудару маңызды. Ғимарат пейзажды бұзбауы қажет, керісінше көркін кіргізуге тиіс. Жақсы архитектура осыны іске асыруға қабілетті деп сенемін.
Өзге де маңызды мәселелер – материалдарды таңдау, құрылыстың бекітілген нормативтері және тұрақты сәулет қағидаттарына сәйкес келу. Ұлттық парк аумағында салынған ғимарат нөлдік көрсеткішке жақын көміртек шығаруға тиіс. Құрылыс кезінде де, одан кейін де флора мен фаунаға әсерін азайту қажет. Материалдарды мүмкіндігінше ландшафтпен үйлестіре таңдап, тіпті жергілікті өнімдерді қолданған абзал.
– Сіз Қазақстанда бірнеше рет болдыңыз, Алматы мен оның төңірегінің, Іле Алатауының көркем пейзаждарымен таныссыз. Сіздің ойыңызша, осы аймақтың қандай табиғи ерекшеліктерін туристік жерлерде салынған ғимараттардың архитектурасында көрсетуге болады?
– Ұлттық саябақтың құрылысы кезінде бірінші орында ұлттық парк және оның табиғаты болуы тиіс. Өз ойымды музейді жобалау мысалында түсіндіргім келеді. Менің ойымша, мұражайда ең маңыздысы – оның экспонаттары, келушілер үшін жайлылық; бұл маршруттарды музейге келушілер, яғни әрбір қонағының өнер туындыларын көруіне мүмкіндігі бар болатындай күйде ойластыру. Кейінгі жылдары тіпті ғимараттың өзіне басты назар аударатындай етіп жобаланған музейлер де пайда болды. Мен бұл істі құптамаймын.
Ұлттық парк аумағында орналасқан ғимаратта болған кезде, қоршаған табиғатты және ерекше әсеріңізді есте сақтағыңыз келеді. Аумақта орын тепкен сәулет нысаны көркем болуы мүмкін, алайда оның мәні – қоршаған ортаны үйлесімді түрде толықтыру, үстемдік етпеу және ластамау. Жоғарыда атап өткендей, нысанның орналасуы үлкен маңызға ие. Сәулет ландшафтқа оң немесе теріс әсер ете алады. Жергілікті мекеннің барлық табиғи қадір-қасиетін назарға алып, оларды сәулет жобасының органикалық бөлігі етіп көрсету керек.
– Бүгінде әлемде экологиялық туризмнің танымалдылығы артып келеді. Ол әдеттегі туризмнен қалай ерекшеленеді? Экотуризмге арнайы инфрақұрылым қажет пе?
– Экотуризм – кейде мақсатқа сай емес қолданылатын трендтік сөз. Экологиялық туризмнің мәнін түсінбей, оны тек қызметті, өнімді алға жылжыту сипатында айту – жауапсыздық. Экологиялық туризм жергілікті тұрғындардан басталуы тиіс. Өз тәжірибемді негізге ала отырып айта аламын, жақсы туристік бағыттар – бұл жергілікті тұрғындарға ыңғайлы және жайлы орындар. Бұл нақты пікірлер жазылатын орындар, ойдан шығарылған әңгімелер емес. Ұтымды бренд – ұтымды өнім негізінде түзіледі.
Экотуризмді дамыту үшін ең маңызды бірнеше қадамды атап өткім келеді. Базалық инфрақұрылым шешуші мәнге ие, ал оның негізгі элементі – экологиялық білім. Табиғат – бұл біздің басты құндылығымыз. Неге ол елдің халқы, қонақтары мен бүкіл ғаламшардың тұрғындары үшін маңызды? Күзетілетін нысандардың шекаралары қайда орналасқан, оларға қашан барған маңызды? Міне, осы сұрақтарға жауап іздеп, оның мәнін ұғындыруымыз қажет.
Демалыс және табиғатпен байланыс үшін қорғалған аумақтарды аша отырып, қонақтардың қоқыс қалдырмауын қамтамасыз ету – қиын міндет. Оған барынша жауапкершілікпен қарау және табиғатты бағалай бастау үшін адамдардың сауаттылығын арттыру абзал. Осылайша сіз экологиялық туризмге байыпты қарайтын болсаңыз, бұл болашақ ұрпақ үшін инвестиция екенін ұғына түсесіз. Экотуризмге ұзақмерзімді перспективалы жоба ретінде қарау керек, бұл ойын-сауық паркі емес. Табиғат құндылығын әр адам үшін аша білген жөн, сонда ол өзі үшін сөйлей бастайды.
– Сіздің ойыңызша, экологиялық туризм алматылықтар мен жалпы Қазақстан тұрғындары үшін қаншалықты қажет болуы мүмкін?
– Жалпы, Қазақстан мен Италия халқы бір-біріне ұқсас. Өйткені екі елдің азаматтары да отбасылық ұстаным мен табиғатқа жақындықты ерекше бағалайды. Сондықтан демалыс күндері көбісі өзінің үлкен жол талғамайтын көліктерімен тауға қарай бет алады, кез келген аумақта тағам дайындап, серуендегенді жақсы көреді. Алайда көбі табиғатқа келгенде тазалықты мүлдем ұмытып кетеді. Яғни қоқысты өзімен бірге қайта алып кетудің орнына, отырған жеріне тастап кетеді. Мұндай жағдай Италия халқына да жақсы таныс. Дегенмен Guardia Forestale орман полициясының күшімен экологиялық сауаттылықты арттыру арқасында жағдай жақсарды. Қазір еліміздің көптеген аймағында адамдар табиғаттың құндылығын сезініп, оны сақтауға тырысады.
Егер сауатты инфрақұрылым салса, көптеген адам үшін жасыл аймақтарды тартымды етуге мүмкіндік бар және олар табиғатқа қарай бет алатынына сенемін. Бір жағынан табиғатқа шығу қолжетімді болғаны да маңызды рөл атқарады. Адамдарға тауға жетудің қауіпсіз және ыңғайлы жолы қажет.
Әрине, қоршаған ортаны тек жол талғамайтын көліктер ғана ластамайды, табиғаттағы бір күн демалыстан кейін кептелісте тұру ешкімге ұнай қоймас. Сондықтан мұнда табиғи аймақтарға апаратын, сол жақта тұратын немесе сол аумақта жұмыс істейтін адамдар үшін сапалы қоғамдық көліктің болуы маңызды. Бұл көлік инновациялық, экологиялық талаптарға сай болуы, төмен көміртек шығаратын және пайдалануға ыңғайлы болуы тиіс. Мен сондай-ақ тау жолдары басталатын және аяқталатын жерлерге көтерілетін арқанды жолдар мен фуникулерлерді де қарастырар едім. Бұл ретте автомобильдік қолжетімділік қатаң бақыланып, шектелуі тиіс.
Жалпы алғанда, табиғи аймақтарға деген қолжетімділікке сұраныс тек арта түсетініне сенімдімін, әр алматылықтың тауға деген ынтықтығын ескермеу мүмкін емес.
– Коронавирусты жеңгеннен кейін шетелдік экотуристер бізге назар аудара ма?
– Қазақстан – көптеген табиғи құпияға толы сырлы ел. Меніңше, сіздің еліңіз экотуризмді дамытуға болатын тамаша жер. Елдеріңіздің жүргізіп отырған «ашық аспан» жаңа саясаты көптеген адамға осында келуге мүмкіндік береді және олар оны қуана пайдаланады.
Біз пандемияны жеңген кезде адамдар Қазақстанға жаңа тәжірибе, тау ауасы, таза табиғи дүниелер үшін атбасын тірейді деп сенемін. Менің ойымша, сіздер табиғи аймақтарды шамадан тыс жүктеуге әуестенбеулеріңіз қажет және елге келетін қонақтардың санын бақылап отыруларыңыз орынды. Санға емес, сапаға ұмтылу керек деп есептеймін. Барлық туристік бағыт сияқты сіздерге қайтадан оралуға дайын туристер қажет. Олардың табиғатты бағалай және құрметтей алуы басты орында.
– Рикардо, қызықты сұхбатыңыз үшін рахмет!
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Бүгін, 21:27
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Бүгін, 21:16
Нигерияда бандалар ұрлаған 300-ден астам мектеп оқушысы босатылды
Әлем • Бүгін, 20:40
Ақмола облысы: Экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жол картасына өзгеріс енгізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:50
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Бүгін, 19:20
Бельгияда коронавирустың «үшінші» толқыны туралы айта бастады
Әлем • Бүгін, 18:50
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Бүгін, 18:00
Ақмолада сотталғандар кездесудің орнына екі сағаттық бейнебайланысқа шығады
Аймақтар • Бүгін, 17:14
«Канело» мен Йылдырым титулдық жекпе-жек үшін қанша гонорар алды?
Спорт • Бүгін, 16:27
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Бүгін, 16:00
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 15:07
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Бүгін, 14:34
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Бүгін, 14:02
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Этномәдени бірлестік өкілдері Сәбит Мұқанов саябағына ағаш отырғызды
Аймақтар • Бүгін, 13:17
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Бүгін, 12:40
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Бүгін, 12:25
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Бүгін, 11:21
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Бүгін, 10:44
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Бүгін, 10:41
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Бүгін, 09:58
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:26
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар