20 Қараша, 2013

Айбынымыз – бірлік, айдынымыз – тірлік

1166 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін

БОЛҒАНДА ҒАНА БІЗ АЛДЫМЫЗҒА ҚОЙЫЛҒАН АСҚАРАЛЫ МІНДЕТТЕР ҮДЕСІНЕН АБЫРОЙМЕН ШЫҒА АЛАМЫЗ

01-барс стратегия 2050 col

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауларының мәні ерекше, маңызы жоғары. Ол – еліміздің Үкіметі үшін іс-қимыл бағдарламасы, Қазақстан халқы үшін жылдың басты құжаты.

Қазақстан Республикасы Ата Заңының 44-бабына сәйкес Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауларының әрқай­сысы бүкіл елдің барлық салалары қызметтерінің негізгі бағдарлары, міндеттері екендігі белгілі. Жолдаулар еліміздің ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі бағыттарын қарастырады.

 

БОЛҒАНДА ҒАНА БІЗ АЛДЫМЫЗҒА ҚОЙЫЛҒАН АСҚАРАЛЫ МІНДЕТТЕР ҮДЕСІНЕН АБЫРОЙМЕН ШЫҒА АЛАМЫЗ

01-барс стратегия 2050 col

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауларының мәні ерекше, маңызы жоғары. Ол – еліміздің Үкіметі үшін іс-қимыл бағдарламасы, Қазақстан халқы үшін жылдың басты құжаты.

Қазақстан Республикасы Ата Заңының 44-бабына сәйкес Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауларының әрқай­сысы бүкіл елдің барлық салалары қызметтерінің негізгі бағдарлары, міндеттері екендігі белгілі. Жолдаулар еліміздің ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі бағыттарын қарастырады.

Елбасы жыл сайынғы Қазақ­стан халқына Жолдауларын ғылыми болжамдап, диагностикалаумен, дәйектілікпен, ыждағатты пайымдаулармен және өзіне тән нақтылықпен, болашақта оның орындалуын жан-жақты зерделеумен және әрбір ақпараттарды ой елегінен өткізіп, салыстырулармен, орындалу нәтижелерін талдап, елдің дамуына қажетті мүмкін болатын міндеттерді саралаумен алға қойып келеді. «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру», делінген Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы – қалып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында.

«Дәл 15 жыл бұрын біз Қа­зақ­стан дамуының 2030 жыл­ға дейінгі Стратегиясын қабыл­дадық... Бүгінгі күні біздің әр­қайсымыз «2030» Стратегиясы іске асты, заманауи Қазақстан орнықты деп айта аламыз. Бұл – біздің бірлігіміздің, табанды да қажырлы еңбегіміздің нәти­жесі, ұмтылыстарымыз бен үміт­теріміздің жанды көрінісі», деді Президент.

Модуль-7

1997 жылы Елбасы Н.Назар­баев Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиялық бағдарламасын ұсынды. Прези­дент өз Жолдауында Үкіметке 8 нақты тапсырма беріп, бар­лық деңгейдегі басшыларға маңыз­ды міндеттер жүктеп, жауап­кершіліктерін күшейтіп, олардың маңыздылығын көрсетіп, орындалу мерзімдерін нақтылады. «Қазақстан-2030» Стратегиясында «барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» жан-жақты қарастырылды, онда: «Соңғы алты жыл ішінде біз екі бас­ты стратегиялық мақсатты көздедік. Біріншіден, Қазақстан егемен тәуелсіз мемлекет болды... Екіншіден, біз кең ауқымды экономикалық және әлеуметтік-саяси реформаларды жүргізе бастадық», делінген.

«2030» Стратегиясы қабылдан­ғаннан бергі 15 жыл ішінде мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енді», деді Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мем­лекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында.

Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің Қазақстан халқына 1998 жылғы Жолдауы «Елдегі жағдай, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы: жаңа ғасырда қоғамды демократияландыру, экономикалық және сая­си реформа» деп аталды. Онда Қазақстанның таңдап алған жолы нақтыланды. «Біз бойдағы барлық күшіміз бен жігерімізді экономикамызды сақтауға, халқымыздың әл-ауқатын қорғауға жұмсауға тиіспіз, біз дәл солай етеміз де», деді Президент. Ол толық жүзеге асырылды.

1999 жылғы Жолдау «Еліміз­дің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» деп аталды, Елбасы онда: «Сол уақыттардан бері біз­дің бабаларымыз Сол­түстік Еуразияның төсінде, тұрақ-ме­кенін ауыстырмай ғұмыр кешіп келеді, қазір біз де тап сол өңір­де өмір сүріп жатырмыз», деді, сонымен бірге: «Ұлттық та­рихымыздың соңғы бес ғасыры хал­қымыздың өмір сүретін кеңіс­тік үшін арпалысының тарихы болып табылады. Біз өзіміздің өт­кендегі өмірімізге кілең бір кез­дейсоқ оқиғалар тізбегі деп қарауымыз керек», деп ой қо­рытты. Осылайша, Президент елі­міздің қазіргі кезеңдегі және жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтауымызға үндеді.

2000 жылғы қарашаның 24-і күні Қазақстан Президенті еліміздің Парламенті пала­таларының бірлескен отырысында халыққа «Еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға қадам басайық» атты Жолдауын арнады. Онда: «Егер тарихқа қарапайым дерек­тердің жиынтығы ретінде қа­рамай, оны терең мәнді етене байланыстағы оқиғалардың сабақтастығы ретінде екшейтін болсақ, онда осы 10 жылдың ауқы­мы мен тегеуріні келер ғасырдағы келешегімізді айқындайтындай жаңа қырынан ашыла түседі», деген терең ойлы пікір көлденең тартылды. Көп ұзамай ол ой өзінің дұрыстығын айғақтап берді.

2001 жылдың 3 қыркүйегінде өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Н.Назар­баев атқарылған істерге баға берді, елдегі жағдайды және 2002 жылғы ішкі, сондай-ақ, сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын баян етіп, кемел келешегімізге бағыт-бағдар нұсқады. Яғни, «Асқар асулар алда» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Тәуелсіз Қазақстанның шежіресі, оның жаңа тарихы енді басталып келеді... Жаңа елордамыз – Астананы салу және абаттандыру жөніндегі жалпыұлттық мәні бар ірі мақсат жүзеге асуда... Қазақстанның барлық мек­теп­терін компьютерлендіру аяқ­талды... Әлеуметтік саладағы ке­лесі маңызды бағыт білім беру жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс болуға тиіс... Осы за­манғы Қарулы Күштерді жасақ­тау жөніндегі күш-жігерді де ұлғайта беру қажет... Біздің тәуел­сіз Қазақстанымыз гүлденіп, көркейе берсін», деді Елбасы. Бұл айтылғандар бүгінде іс жү­зіне жүйелі асып келеді, мем­лекеттің тұтастығы, бірлігі артып болашағымыз жарқын бола түсуде.

Н.Назарбаев 2002 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Ауылға айрықша назар аударылды», дей келіп, ішкі және сырт­қы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы баяндап берді. Кез келген ұлттың түп-тамыры ауыл жұртында жататынын еске сала отырып, бәрінен бұрын тұрақтылық пен байсалды эволюциялық дамуға нақ осы жұрттың ықыласты болатынын, тәуелсіздік пен қуатты мемлекет мұраттарын айрықша қастерлеп, терең сезінетін де осы жұрт еке­нін, өйткені, оның қаны мен жанында бабаларымыздың арманы мен үміті қаттаулы қалпында жатқанын атап көрсетті. «Біздің «Қазақстан-2030» Стратегиясына негізделген онжылдық жоспарымыз да осыған бағытталып отыр», деді Президент.

«Қазақстан-2030» Стратегия­сын жүзеге асырудың алғашқы бес жылының айтарлықтай табыс­ты болғандығы мәлім, сондықтан ол жасампаздық стратегиясы атауы­на ие болды.

2003 жылы Мемлекет басшысы «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі ба­ғыттары» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жария етті. Президент Жолдауы басты мақ­сат – халықтың әл-ауқатын арт­тыру екендігін аңғартты. Жыл­дың басты құжатында көрсе­тілген тұжырымдамаларды жасам­паздыққа бағытталған жарқын жеңіс деп бағалауға болады.

Жолдаудағы «Патриот болу – өз Отаныңды шын жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп, қоғамға қызмет ету» деген сөздер жандүниемізге терең ұялап, ұранымызға айналды.

2004 жылғы Жолдауы «Бә­секеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» деп аталды. Жолдауда: «Қа­зақстан өзінің нысаналы дамуын «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімдік Стратегиясына толық сәйкес жалғастырып келеді», деп бағалау жасалған. «Бұл міндетті шешу үшін біздің экономикалық, сондай-ақ, әлеуметтік салаларда да еуропалық стандарттарға жету стратегиясын әзірлеуге кірісуіміз керек», делінген. Жолдауда бәсекеге қабілетті экономиканы дамытудың негізгі бағыттары былайша анықталған-тын:

– экономиканы одан әрі ырық­тандыру және жүйелі реформаларды жалғастыру арқылы бә­секелестікті дамыту мен бюрокра­тиясыздандыру;

– Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;

– Индустриялық-инновация­лық даму стратегиясын жүзеге асыру;

– Ауылды дамыту бағдар­ла­ма­сын жүзеге асыру;

– инфрақұрылымдарды дамыту.

Жолдауда нақты әлеуметтік жетістіктерге жету бағыттарының бірі адам ресурстарын дамыту екені атап көрсетілді:

– тұрғын үй құрылысының жаңа саясаты;

– денсаулық сақтауды жақ­сарту;

– білім беруді дамыту;

– әлеуметтік қамту.

Бұлар Қазақстан үшін шешуші ұзақ мерзімді басымдықтар болып табылады, деді Елбасы өзінің Жолдауында. Шындығында бұл бағыттар бәсекеге қабілетті халық үшін аса қажет еді.

2005 жылдың 16 ақпанындағы кезекті Жолдау «Қазақстан эконо­микалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деп аталды. Онда: «Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық – біз жақсы өмір сүргіміз келеді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен де бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қаладық», делінген. Бұл баршамыздың ой-арманымыз болатын. Бүгінде, Құдайға шүкір дейік, осы ой-армандарымыз дәйектілікпен жүзеге асырылып келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың 2006 жылғы халыққа Жолдауы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» деп аталады және алдымызға әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру мақсаты қойылып, осы міндеттер үдесінен шығу үшін негізгі жеті басымдық ұсынылды. Олар: Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі; Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру; халықтың неғұрлым «әлжуаз» топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететін осы заманғы әлеуметтік саясат; осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі; демократияны одан әрі дамыту және саяси жүйені жаңғырту; осы заманғы қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулерге қарсы бара-бар ұлттық қауіпсіздік стратегия­сын іске асыру; Қазақстанның мүдделерін, өңірлік және әлемдік дамудың серпінін ескеретін тең­дестірілген және жауапты сыртқы саяси бағытты одан әрі іске асыру.

Еліміздің Президенті осылайша алдағы кезеңдерде шешілуі тиісті маңызды басымдықтар мен міндеттерді белгілеп берді.

Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаев 2007 жылғы 28 ақпанда өткен Парламент па­латаларының бірлескен отырысында халыққа жаңа Жолдауын жария етті. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» тақырыбындағы Жолдауда әлеуметтік саясаттың бірізділігі, бірқалыпты түрдегі сабақтастығы, өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған іс-әрекеттер белгілеп берілді. Сондай-ақ, жаңа кезеңнің негізгі міндеттері, «Қазақстан-2030» Стратегиясын орындаудағы басты мақсаттар мен ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты нақтыланды. Сондықтан бұл Жолдауды жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның дамуына үлес қосқан кешенді бағдарламалық құжат деп айтуымыз орынды.

2008 жылғы 6 ақпандағы Жолдау «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мем­лекеттік саясаттың басты мақ­саты» деп аталды. Жылдың басты құ­жатында Президент ат­қарушы органдарға үлкен жауапкершілік жүктеді. Басты міндеттердің бірі қатарында 30 корпоративтік көшбасшы жасау арқылы елімізді индустрияландыру біздің негізгі стратегиялық мақсатымыз болатындығы баса көрсетілді.

Астана, 2009 жылғы 6 наурыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Пар­ламент палаталарының бір­лескен отырысында Қазақстан халқына жаңа Жолдауын жария етті. Ол «Дағдарыстан – да­муға» деп аталды. Жолдауда еліміздің жасампаздық жолын жалғастыруының басым бағыттары белгіленіп, дағдарыстың салдарын еңсеру жөніндегі тетіктер нақтыланды, жаңару мен дамуға жеткізетін амалдар мен жұмыс бағыттары көрсетіп берілді.

– Қазақстан Президенті Н.На­­зарбаевтың 2010 жылғы 23 қаң­­тардағы Қазақстан хал­қына Жолдауы «Жаңа онжыл­дық – жаңа экономикалық өр­леу – Қазақстанның жаңа мүм­кін­діктері» деп аталды. Онда 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясын орындауға байланыс­ты жаңа экономикалық өрлеу мүмкіндіктері көрсетіліп, мін­деттер қойылды. Олардың негіз­гілері мыналар: 2010 стратегиялық жоспарын іске асыру – ел дамуының аса маңызды шебі екендігі; дағдарыс кезеңі – дұрыс шешімдер қабылдау уақыты, оған тастүйін дайын болуымызды қамтамасыз ету керектігі; 2020 Стратегиялық жоспары жаңа міндеттерді нақтылауымен ерекше мәнге ие; адам – елдің басты байлығы. Мемлекетіміздің діңгегі – қазақ халқы. Ел де, жер де – қазақтікі екендігі. Осылайша, халқымыздың абыройы көкке көтерілді.

2011 жылдың 28 қаңтарындағы Жолдау «Болашақтың іргесін бірге қалайық» деп аталып, біздің ең басты байлығымыз – берекелі бірлігіміз екендігі көлденең тартылды. Халықтың ауызбіршілігі арқылы болашақтың іргесін бірге қалауға болатыны атап көрсетілді. «Құнды қазынамыз – тарих табыстырып, тағдыр тоғыстырған халқымыз», деп Елбасы бүкіл ел халқын қанаттандырды.

Қазақстан Президенті Н.На­зар­баевтың 2012 жылғы ха­лыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақ­стан дамуының басты бағыты» деп аталды. Онда экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа мін­деттері белгіленді. Міндет – айқын, бағыт – дұрыс, мақсат – даму, тілек – табыс екендігі ай­шықталды.

Астана, 2012 жылдың 14 жел­тоқсаны Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына ұзақ мерзімді Даму стратегиясын ұсынған күн болды бұл. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мем­лекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталды. «Қазақстан-2050» Стратегиясында қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүк­теледі. Стратегиялық Жолдауында Елбасы «Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерек істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана біз «Мәңгілік Ел» боламыз», деп алдымызға үлкен міндет жүктейді. Бұл міндет «Нұр Отан» партиясының 18 қазанда өткен соңғы ХV съезінде тағы бір мәрте саралаудан өткізілді. Онда елімізді әлемнің ең қуатты 30 елінің қа­тарына қосу – алдымыздағы үлкен, ұлы мақсат екені қадап айтылды. 2050 Стратегиясы – біздің әлемдегі ең танымал ұлт­тардың шоғырына біржолата қо­сылуымыз үшін берілген ұлы тарихи мүмкіншілік, деді Нұрсұлтан Әбішұлы. «Біз өзімізді ұдайы қамшылап, алға ұмтыла білсек қана «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы биік мақсат­тарға жете аламыз», деді елі­міздің Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев.

Біз де Елбасымыздың сөзіне қосыла отырып, ынтымағы жарасқан, экономикасы дамыған 30 елдің қатарына жетуге жазсын дейік. Қашанда айбынымыз – бірлік, айдынымыз – тірлік болсын.

Ілесхан СМАНОВ,

педагогика ғылымдарының

докторы, профессор.

Шымкент.

Соңғы жаңалықтар