Теннис • 28 Қазан, 2020

Тимофей Скатов ATP 250 турниріндегі алғашқы қадамын жасады

130 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Astana Open турнирінде Тимофей Скатов фин Эмиль Руусувуоримен ойнады, деп хабарлайды Egemen.kz

Тимофей Скатов ATP 250 турниріндегі алғашқы қадамын жасады

Скатов негізгі кестеге ұйымдастырушылардан алған уайлд-кард арқасында енген болатын. Ал Руусувуори 1/16 финалға шығу үшін екі іріктеу турниріндегі бірінші кездесуінде  австралиялық Марк Перселланы, екінші кездесуде  серб Виктор Троицкиді жеңген.

Бірінші сет Эмиль Руусувуоридің еншісіне жазылды, ол партияда екі брейк жасады, ал корт иесі қарсыласының доп беруін бір мәрте қайтара алды. Оның өзінде фин спортшысы геймде екі бірдей қателікке жол берген болатын.  Екінші сетте Тимофей Скатов ойын тізгінін өз қолына алуға тырысқан, алайда қарсыласы қолдағы мүмкіндікті толығымен пайдаланып жеңіске жетті: 6:2, 6:0.

– Турнирде шеберлігімді шыңдауға мүмкіндік беріп, уайлд-кард ұсынған Федерацияға алғысым шексіз. Алғашқы қадамым сәтсіз болды, мүмкін жүйкем сыр берген болар. Өкіншіке орай үздік ойын көрсете алмадым. Кей тұста аяғым байланғандай жылдам қимылдамадым, кей тұста тез ойлап шешіп қабылдауға шамам жетпеді. Мен мұнда бірнеше күн болдым, үздік теннисшілермен бірге жаттықтым. Үйрегенім аз емес. Сондықтан келесі жолы жақсы ойын көрсетемін деп ойлаймын, – деді матчтан кейін Тимофей Скатов.

Қазақстандық Александр Недовесов пен Андрей Голубев тартысты өткен кездесуде жұптық разрядтың ширекфиналына өту мүмкіндігін уыстан шығарып алды. 1/8 финалда оларға Австралиядан келген Люк Сэвилл мен Макс Перселл жұбы қарсы шыққан еді. Олар турнир рейтингінде екінші тұр. Қазақстандықтар әр матч үшін барын салды.

Екі жұпта әдемі ойын өрнегін көрсетті, бірақ автралиялық теннисшілердің шеберлігі бір саты жоғары болғандай. Ширекфиналға Люк Сэвилл мен Макс Перселл өтті. Қорытынды есеп: 6:4, 6:4. Александр Недовесов пен Макс Перселл  осы турнирдің жекелей сынында да ойнаған, бірақ екуі де іріктеу турнирінен аса алмады. Чехиядан келген әлемнің 66-ракеткасы Иржи Весел бүгін әлемнің 48-ракеткасы американдық Теннис Сандргенді 6:4, 7:6  есебімен тізе бүктірді.

Аслан Карацев пен Андреаса Сеппи арасындағы бәсеке турнирдің уайлд-кардына иелік еткен Сеппидің жеңісімен аяқталды -  6:3,1:6,6:3.