Аймақтар • 28 Қазан, 2020

Қызылордада тергеу изоляторына әкелінген тамақ ішінен телефон табылды

1437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада тергеу изоляторында қамауда отырған адамға әкелінген тамақ ішінен рұқсат етілмеген заттар табылды. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Дана Достанова мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада тергеу изоляторына әкелінген тамақ ішінен телефон табылды

"Қызылорда қаласының тұрғыны қамауда отырған адамға палау ішіне ұялы телефон, ұялы байланыс симкарталары мен 2 дана қуаттағыш құрылғысын салып өткізбек болған. Ол оны фольга кағазына орап, тамақ ішіне жасырған", - делінген хабарламада.

Оның айтуынша, қазір аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес іс-құжаттары дайындалған. Ол процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданған.