20 Қараша, 2013

Депутаттық топ «алтын ережені» ұстанады

364 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

0111Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған Мәжіліс депутаттары Егорь Каппель, Роман Ким, Ахмет Мұрадов, Надежда Нестерова және Розақұл Халмұрадов қатысқан брифингте Мәжілістегі ҚХА депутаттық тобының жұмысы жан-жақты таныстырылды.

Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған Мәжіліс депутаттары Егорь Каппель, Роман Ким, Ахмет Мұрадов, Надежда Нестерова және Розақұл Халмұрадов қатысқан брифингте Мәжілістегі ҚХА депутаттық тобының жұмысы жан-жақты таныстырылды.

ҚХА атынан сайланған Мә­жі­лістегі депутаттық топтың құрамына үш саяси партияның өкілі болып табылатын және Мәжілістің жеті комитетінде жұмыс істейтін 12 депутат кіреді. Аталған депутаттық топ туралы бекітілген ереже және жұ­­мыс жос­пары бар. Мәжілістің Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Егорь Каппель аталған депутаттық топ жұмысын кеңінен әңгімеледі. Оның айтуынша, көппартиялы Парламентте ҚХА депутаттық тобы партияаралық достастықтың үнқатысу алаңы қызметінің көп­түрлі әдіс-тәсілдерін қолданады. «Біздің үнқатысу ала­ңымызда әлеуметтік маңызды мәселелер, атап айтқанда, азық-түлік тауар­ларының шекті бағаларынан бас­тап ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына де­­йін­гі барлық дерлік мәселелер тал­қыланады», деді депутат өз сөзінде.

Е.Каппель бұл ретте сая­си бәсе­­келестік бар екенін, бір­ақ та ол тәуел­сіздік, ұлттық бір­лік, бейбітшілік және келісім сияқ­ты негізгі мәселелер бойын­ша жалпыұлттық консенсус­ты жоққа шығармайды дегенді де ерекше атап кетті. Депутаттық топ пар­тияаралық ынтымақтастық функциясын атқарады, бұл мәселелер бойынша іс-шаралардың арнайы қоғамдық-саяси жоспары жасалған. Ондағы басты мақсат қоғамдық-саяси тұрақтылықты, қоғамдық-ұлттық келісімді заңнамалық қамтамасыз ету және тәуелсіздікті нығайту болып табылады. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, Ас­самблея – жалпыхалықтық өкілдік, яғни азаматтық, жалпыхалықтық инс­титут, деді ол.

Депутат мемлекеттік мәде­ниет қазақ мәдениеті болып та­былатынын, ал оның айналасына 130-дан астам этнос­ өкіл­дерінің мәдениеттері шоғырлануы қажеттігін атап өтті. Мәдениеттер жойылып кетпейді, қайта бір-бірін дамытып отырады. Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ас­самблеясының Төрағасы Нұр­сұлтан Назарбаев атап көрсеткен және Ассамблея депутаттары қолдаған «алтын ереже» туралы да айтылмай қалмады. «Тағдырдың жазуымен біздің елімізде 130 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрып жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан 9 депутат осы ұлттардың өкілдері ретінде сайланды. Және о баста нақты айтылғандай, біздің ешқайсымыздың бір ғана этностың атынан ғана сөйлеуімізге құқығымыз жоқ. Біз осы «алтын ережені» ұста­намыз, осы ережеге бағынамыз», деді Е.Каппель.

Мәжілістің жоғарыда аталған комитетінің мүшесі Ахмет Мұ­ра­дов Қазақстан халқы Ассам­блея­сы бұрынғы кеңестік кеңіс­тікте және басқа мемлекет­тер­де жұмыс істейтін басқа Ас­сам­блеяларға қара­ғанда бірегей еке­нін ерекше атады. Құрылымы қоғамдық-халықтық екенін, ал оны Қазақстан Президенті басқаратынын тілге тиек еткен депутат осының өзі Ассамблея мәртебесіне халықаралық дең­гей­де қызығушылық танытылып отырғанына назар аударды. «Бізге еліміздің барлық өңір­лерінен өтініштер келіп түседі, ұлтына, ұлысына қарамастан, барша азаматтар арыз-шағымдарын айтып жатады. Яғни, байланыс бар деген сөз. Олар біздің Парламент отырысында атқарушы органдарға сауал салуымызға негіз болады», деді Ахмет Сейдарахманұлы.

Сондай-ақ, Мәжілістің Аграр­лық мәселелер комитетінің мүшесі Розақұл Халмұрадов қа­зақ жерін мекен еткен этнос өкілдері татулығының сырын былайша сипаттап берді: «Бұл сыр қазақ халқының кеңпейілдігі мен қонақжайлығында, табиғи болмысы мен бітімгершілік жаратылысында жатыр», деді ол. Қазақ халқының басынан өткерген қиындықтарын санамалап берген депутат солардың барлығын этнос өкілдері білетіндігін алға тартты. «Сол себептен өз тағдырын қазақ халқымен бірге байланыстырған этнос өкілдеріне ең керектісі еліміздің бірлігі, қоғамдық келісім, тұрақтылық және татулық. Сол болатын болса, Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтқан дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосыламыз деген тапсырмасы міндетті түрде орындалатын болады», деді Розақұл Сатыбалдыұлы.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар