2013 жылғы 26 тамызАстана, Үкімет Үйі
Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесін, Жеке және заңдытұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ даракәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген «құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 406қаулысына өзгерістер енгізу туралы
2013 жылғы 26 тамызАстана, Үкімет Үйі
Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесін, Жеке және заңдытұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ даракәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген «құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 406қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесін, Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 406 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 16, 180-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) 12 цифрдан тұратын бірегей комбинацияны білдіреді, құжаттарды дайындаудың ақпараттық-өндірістік жүйесінде бастапқы тіркелген кезде жеке тұлғаға құрылады. ЖСН бірегейлік және өзгермеушілік қағидаттарын ескере отырып қалыптастырылады. ЖСН деректерінің құрылымында пайдаланылатын әртүрлі деңгейдегі ақпараттық банктер деректерінің тұтастығын сақтау мақсатында ол бастапқы қалыптастырылған сәттен бастап қандай да бір түрлендіруге немесе қайта құруға жатпайды.
Бақылауды жүзеге асыру және клавиатура арқылы енгізу кезіндегі қателікті азайту мақсатында ЖСН құрамында бақылаушы 12-разрядтың болуы көзделеді, оны есептеу кезінде екі циклда мынадай алгоритм пайдаланылатын болады:
а12 = (а1*b1 + а2*b2 + аЗ*bЗ + а4*b4 + а5*b5 + а6*b6 + а7*b7 + а8*b8 + а9*b9 + а10*b 10 + а 11b11) mod 11, мұндағы:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес әзірленген және сауда-делдалдық қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік меншіктегі пайдаланьлмайтын ғимараттарды, кұрылыстарды, көлік құралдары мен жабдықтарды (бұдан әрі – объектілер) және ғимараттар мен құрылыстар алып отырған жер учаскелерін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру тәртібін айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:
«33-1. Белгіленген тәртіппен үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға тапсырылған жағдайда, 52-бапта белгіленген ережелер бойынша және 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабында белгіленген тәртіппен олармен бірге көрсетілген мүлік алып отырған және белгіленген нормаларға сәйкес оны пайдалану үшін қажет жер учаскесі жалға беріледі.»;
40-тармақ мьнадай редакцияда жазылсын:
«40. Шарттың мерзімі аяқталғанда және оның талаптары толық орындалған кезде аумақтық бөлімше (атқарушы орган) объектінің шағын кәсіпкерлік субъектісінің тіркеу есебінде тұрғанын салық органына хабарлай отырып, оны шағын кәсіпкерлік субъектісінің меншігіне өтеусіз беру туралы шешім қабьлдайды.
Объект алып отырған жер учаскелерін өтеусіз беру жөнінде шешім қабылдау 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.