Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, Алматыда жол бойында төбелес шығарғандар бір-біріне туыс болып шыққан.
"Әуезов ауданының полиция қызметкерлері заңсыз әрекет жасады деген күдікпен төрт адамды анықтап, ұстады. Олар кешкісін жақын жердегі мекемеде мас күйде уақыт өткізген. Олар жол бойында такси ұстап тұрған сәтте бір-бірімен жанжалдасып, кейін төбелескен. Екеуі ажырата бастаған. Осы сәт камераға түсіп қалған. Қазір олар Әуезов ауданының полиция басқармасында. Олардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, заңға сәйкес шаралар қолданылады", - делінген хабарламада.