20 Қараша, 2013

Жаңа жылға дейін Күн бір рет аунап түседі

273 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

20-11-13-solntse-1

NASA астрономдары Күннің орнынан бір рет «аунап түсетінін» және магниттік өрістің қарама-қарсы жаққа барып орнығатынын жеткізіп отыр. Олардың есептеулерінше, бұған үш аптадай ғана уақыт қалды. Бұл туралы «Metro» газеті жазды.

Басылым бұл үшін жұмыстан шығудың, ақырзаманды күтудің қажеті жоқ деп тыныштандырады. Күннің полюстері алмасуы осылайша әрбір 11 жылда бір қайталанып келіп тұрады екен.

«Бұл апат емес, нақтылы нәтижелерге құрылған кең ауқымды құбылыс, оған  құр босқа мазасызданып қажеті жоқ», - деді Стэнфорд университетінің физика жөніндегі маманы Тодд Хокс. «Күннің полярлық магниттік өрісі әлсірейді, ол нөлге дейін төмендейді, сосын қайтадан пайда болады, бірақ бұл кезде ол қарама-қарсы полярлық жаққа ауысады, мұның өзі күн циклындғы қалыпты құбылыс болып саналады», - деп атап өткен еді бұдан бұрынырақта оның әріптесі Фил Шерер.

Дегенмен, тым босаңсып кетуге де болмайды екен: жұлдыздардың белсенділігі бүкіл Күн системасында айқын біліне түседі. Жердің бетінде магнитті дауылдар қаптайды. Жұмыста спутниктер мен электронды жабдықтар істен шығады. Күннің белсенділігі артқан кезінде одан жарқылдар көп шығып, «тәжді тесіктер» деп аталатын құбылыстар жиілейді, ол өз кезегінде жоғары жылдамдықты күн желдерін арттырып, плазмаларды жаудырып жібереді.

Айтқандай, «күн төңкерілісінің» оңды жақтары бар екен. Мәселен, Жер бетінде терістік шұғыласын жиі көруге болады, деп жазады Daily Mail.

Магнитті өрістердің алмасуға жақын екендігі жөнінде тамыз айында-ақ хабарланған болатын. Бірақ ол кезде мамандар мұның нақтылы қашан болатынын айтып бере алмап еді.

Мұрат Айтқожа.

Соңғы жаңалықтар