2013 жылғы 29 тамыз Астана, Үкімет Үйі
«Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 243 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
2013 жылғы 29 тамыз Астана, Үкімет Үйі
«Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 243 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 243 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 195-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесі бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін шағын кәсіпкерлік объектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесінде:
аі - ЖСН і-разрядының мәні;
bі - і-разрядының салмағы;
Егер алынған сан 10-ға тең болса, онда бақылау разрядын есептеу салмақтардың басқа дәйектілігімен жүзеге асырылады:
ЖСН разрядының мәні: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11;
разряд салмағы: 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 1, 2;
Егер алынған сан 0-ден 9-ға дейінгі мәнге ие болса, онда бұл сан бақылау разряды ретінде алынады.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесін, Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке куәлігінің беткі жағында, туған күнінен төменде, сондай-ақ паспорттың 32-бетінде машина оқитын мәтінде 12 цифрдан тұратын комбинация түріндегі жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) көрсетілмеген Қазақстан Республикасының азаматтары бұрын берілген құжаттарын ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын құжаттарға қайта ресімдеу үшін тұрақты тұратын жері бойынша аумақтық ішкі істер органдарына жүгінеді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жеке басты куәландыратын құжаттарды уәкілетті орган иесіне немесе оның заңды өкіліне жеке басты куәландыратын құжаттарды алуға өтінім берген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей береді.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.