Экономика • 30 Қазан, 2020

Тауар айналымына фискалдық бақылау әзірленеді

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында фискалдық бақылау тетігін енгізу мәселелері белсенді талқыла­нып жатыр.

Тауар айналымына фискалдық бақылау әзірленеді

Фискалдық бақылау тетігін қалыптастырудың мақсаты – қосымша құн салығы нөлдік мөлшер­лемесін автоматты түрде растау, жанама салық­тарды төлеу туралы өтініштің электронды форматына көшу және ЕАЭО өзара саудасында тауарларды өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету.

Әзірленіп жатқан тетік ҚҚС-тың нөлдік мөлшер­лемесін қолдануды растау және тауарлар экспорты кезінде ҚҚС-ын қайтару рәсімін оңайлатуға, сондай-ақ ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің салық органдары арасында өзара ақпарат алмасу арқылы бизнеске әкімшілік жүктемені айтарлықтай төмендетуге тиіс.

Қазақстандық тарап фискалдық бақылау тетігін іске асыру мақсатында Қазақстан Республи­касын­дағы тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың (ТІЖ) жұмыс тетігін таныстырды. Тараптар қазақстандық тәсілді тұжырымдамалық түрде қолдады.

Еске сала кетейік, 2020 жылғы 9 қазанда өткен Еуразиялық Үкіметаралық кеңес отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин ЕАЭО цифрлы интеграциялық платформасы және ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің салық және кеден органдарының кеңейтілген электронды өзара іс-қимылы арқылы өзара сауда­дағы салықтарды әкімшілендіруді цифрландыру мәселесін пысықтауды ұсынған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар