20 Қараша, 2013

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы №287

724 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2013 жылғы 29 тамыз Астана қаласы

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарына алғаш жұмысқа кіретін адамдардың арнайы кәсіптік даярлықтан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

2013 жылғы 29 тамыз Астана қаласы

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарына алғаш жұмысқа кіретін адамдардың арнайы кәсіптік даярлықтан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңы 12-бабының 7-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарына алғаш жұмысқа кіретін адамдардың арнайы кәсіптік даярлықтан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Рес­публикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6211 тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Арнайы кәсiптiк даярлау ережесiн бекіту туралы»;

кіріспесі және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңы 12-бабының 7-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Арнайы кәсiптiк даярлау ережесі бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарына алғаш жұмысқа кіретін адамдардың арнайы кәсіптік даярлықтан өту ережесінде:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Арнайы кәсiптiк даярлау ережесi»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Арнайы кәсiптiк даярлау ережесi сот әділдігінің міндеттерін шешу мүддесімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарының қызметін жетілдіру үшін жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарына алғаш жұмысқа кіретін адамдарды (бұдан әрі - қызметкер) даярлауды ұйымдастырудың бірыңғай тәртібін анықтайды.

Қызметкерлерді даярлау «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12-бабының 7-тармағына сәйкес жүргізіледі».

2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Әділет министрі         Б. ИМАШЕВ.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 24 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8727 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар