Аймақтар • 30 Қазан, 2020

Мұрат Әйтенов: Халық ақшасы халыққа жету керек

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтардың жеке сұрақтары бойынша онлайн қабылдау өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұрат Әйтенов: Халық ақшасы халыққа жету керек

Қабылдауға жазылған қала тұрғыны кепілдендірілген әлеуметтік пакетті мерзімінде толық ала алмай отырғанын жеткізді. Онымен қоса "Магнум" сауда үйіндегі қызметкерлердің дөрекілігі жөнінде арызданды.

"Әкімдік пен сауда үйі арасында келісімшарт түзілген. Яғни кепілдендірілген пакеттегі заттарды сатып алуға тұрғындар үшін ақша бөлінген. Біз бір нәрсені ұмытпауымыз қажет. Халық ақшасы - халыққа жету керек. Әр үш айда берілетін көмекті қала тұрғындары уақтылы алып отыруға құқылы", - деді қала әкімі.

Бұл бағытта аудан әкімдеріне және сала басшысына барлық "Магнум" желісінің басшыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, әлеуметтік көмек берілерден бір апта алдын түгендеу жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырма берді.