Экономика • 30 Қазан, 2020

Қазақстанда аккумулятор батареяларын өндіру бойынша жаңа технология іске қосылды

1269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында "Қайнар-АКБ" зауытында аккумулятор батареяларын шығаратын жаңа желі салтанатты түрде іске қосылды. Жоба Қайнар-АКБ және "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" (IGTIC) арасындағы ынтымақтастық меморандумы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда аккумулятор батареяларын өндіру бойынша жаңа технология іске қосылды

Іске қосылған озық технология ескі батареяларды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтеді. Жаңа үлгідегі аккумулятор корпустары толықтай қайталама шикізаттан жасалатын болады. Ал ол итальяндық "ИНЖИТЕК" өндірісінің жаңа заманауи желісінде қайта өңделеді және өндірістік тазарту құрылғысының көмегімен электролитті толық бейтараптандырады.  

Жаңа технологиялық желі қоршаған ортаға келтіретін кері әсерді азайтады. Өйткені ол тазарту сүзгілерімен жабдықталып отыр.

Қазіргі уақытта зауыт жылына 2,5 млн дана аккумулятор батареясын шығарады. Ал жаңа желінің іске қосылуының нәтижесінде кәсіпорынның өндірістік қуаттын жылына 3,7 млн аккумуляторлық батареяға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Еліміздегі ірі қайта өңдеу кәсіпорындарының бірін жаңғырту ӨКМ Операторының қаржылай қолдауының арқасында мүмкін болып отыр. Қайнар-АКБ зауыты пайдаланылған аккумуляторларды жинау, оларды қайта өңдеу және кәдеге жаратқаны үшін Оператордан өтемақы төлемдерін алады.

2016-2020 жылдар аралығында зауыт 4 061 618 031 теңге алды. Осы жылы зауыт өндірілген өнімді өткізу географиясын кеңейтіп, БАӘ, Италия нарығына шықты.

Зауыт Қытай және Еуропа нарығына шығуды, стартерлік және стационарлық батареялардың жаңа түрлерін игеріп, сату көлемін жылына 3,7 млн данаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.