Коронавирус • 30 Қазан, 2020

Шығыста коронавирустан қайтыс болғандардың 6 пайызы 60 жастан асқандар

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстандағы коронавирус инфекциясының ағымдағы жағдайы туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыста коронавирустан қайтыс болғандардың 6 пайызы 60 жастан асқандар

Баспасөз конференциясында сөз алған денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов тұрғындар санитарлық-эпидемиалогиялық қауіпсіздікті сақтап, жауапкершілікпен қарауға шақырды.

"Шекара асып, өзге мемлекеттерге ұшып жүргендер өздерін ғана емес, жақындарын да ойлау керек. ПТР тест өтпегендер де ұшып жатты. Ондайда әуе компаниялары тест нәтижесі жоқ жолаушыларды өткізбеуі керек еді. Тұрғындар да эпидемиалогиялық жағдайға жауапкершілікпен қарасын", – деді Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Аңсағанұлы.

Бүгінгі тәулікте Шығыс Қазақстан облысы бойынша 205 науқас тіркелген. Өзге облыстармен салыстырғанда бірнеше есеге көп. Ал қазан айында короновирус инфекциясының салдарынан қайтыс болғандар саны өскен екен.

"Қайтыс болғандардың 6 пайызы 60 жастан асқандар. Ал қалғаны кеш келгендіктен, жан сақтау бөліміне түскен", - деп түсіндірді Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Райфа Сафиоллақызы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының айтуынша, коронавирус инфекциясы шыққаннан бері төсек-орын 12 есеге көбейді. Ал жансақтау бөлімдеріндегі төсек орын 11 есе көбейген. Жалпы облыста 124 реанимациялық төсек-орын бар.