Аймақтар • 01 Қараша, 2020

Алматыда Jastar Skills шағын чемпионаты бастау алды

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Қоғамдық даму және Білім басқармаларының қолдауымен іске асырылатын Jastar Skills 2020 жобасы жұмысшы кәсіптерінің мәртебесін, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда Jastar Skills шағын чемпионаты бастау алды

Биылғы жылы шағын чемпионат 5 мамандық бойынша өткізіледі:

• Токарлық іс;
• Дәнекерлеу ісі;
• Аспаз ісі;
• Күрделі бояу шебері;
• Киім дизайны және модельдеу.

30 қазанда 2 мамандық – токарлық және дәнекерлеу ісі бойынша шағын чемпионат өтті. 1 кезең онлайн режимінде өтті. Оның қорытындысы бойынша Алматы автомеханикалық колледжінде өткен 2 турдың қатысушылары анықталды.

«Токарлық іс» мамандығының жеңімпаздары: 1 орын – Даниил Денисенко, 2 орын – Нұрсұлтан Идирисов, 3 орын – Олжас Сұлтанмұратов.

«Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша: 1 орынды – Владислав Кевлич, 2 орынды – Қуаныш Юлчибаев, 3 орынды – Қуаныш Депутат иеленді.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. Іс-шара карантиндік шаралар мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып өткізілді.