Спорт • 01 Қараша, 2020

Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласын нокаутқа түсірді

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Атырауда кәсіпқой бокс кеші өтіп, онда қазақстандық бес боксшы шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласын нокаутқа түсірді

Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласын нокаутқа түсірді.  

Бұл – оның кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісі. Ол шаршы алаңда Танзаниядан келген 28 жастағы боксшы Ибрагим Маоколумен кездесті. Қазақстандық боксшы екінші раундта ұрымтал сәтті қалт жібермей, қарсыласын нокаутпен жеңді.