Фото: Polisia.kz
Оқиға Шалқар қаласында болған. Көші-қон полициясының қызметкері Дастан Ермекбаев қызмет барысында көшелердің бірінде жол жиегінде тоқтап тұрған шетелдік нөмірлі автокөлікті байқайды. Полицей жүргізушіге жақындап, жағдайын сұраған.
Белгілі болғандай, Қытай азаматы Қазақстан аумағында саяхаттап жүрген. Алайда Шалқарға келгенде оның көлігі техникалық ақауға ұшырап, қозғалыс кезінде өшіп қалған.
Полиция қызметкері жүргізушіге көлікті бөлім ғимаратының алдына дейін жеткізіп, ақауды жоюға көмектесуді ұсынды. Жедел көрсетілген көмектің арқасында көлік жолдың жүріс бөлігінен шығарылып, өзге жүргізушілерге кедергі келтірудің алдын алды.
Қостанай облысында полицейлер мұз астына түсіп кеткен екі балықшыны құтқарды
Нәтижесінде шетелдік азамат сапарын жалғастырып, полицейге қамқорлығы мен дер кезінде көрсеткен көмегі үшін шынайы алғысын жеткізді.
Павлодар облысында киберполицейлер зейнеткердің 5 млн теңгесін алаяқтардан сақтап қалды