Қоғам • 02 Қараша, 2020

Сапқа тұратындардың сапасы жоғары болуы керек

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына барды.

Сапқа тұратындардың сапасы жоғары болуы керек

Жоғары оқу орындарының бас­тықтары, генерал-майор Ду­­лат Адыр­беков пен генерал-майор Асқар Мұс­­табеков министрдің орын­­ба­сарына оқу орында­рындағы жұмыс­тардың қазір­гі жағ­дайы туралы баян­дап­­ бер­ді. Сонымен қатар про­фес­сор­-оқытушылар құ­рам­ымен кездесу өтті.

Жұмыс сапары барысын­да Тимур Дәндібаев са­ни­тарлық-эпи­демиялық шектеулер жағ­да­йын­­дағы оқу жүйесін, оқу-мате­­риалдық базаның жай-күйін, оқу бағдарламаларының жүзе­­ге асы­рылуын тексерді. Ми­нистр­дің орынбасары оқу техникасы мен қару-жарақ үлгілерін, оқу-әдіс­темелік бөл­­­мелердің, кафе­дра­лардың, зерт­­ханалардың, кі­тап­­хана­лар­­дың жабдықтары мен жат­тығу кешендерін қарады.

Кездесудің қорытындысы бо­­­йын­ша оқу жүйесінің маз­мұ­­нын одан әрі жетілдіру, әс­ке­ри кадр­ларды даярлау сапасын арттыру жөнінд­е нұсқау бе­ріл­ді.