Аймақтар • 02 Қараша, 2020

Алматы маңындағы атыс: Жарақат алғандардың жағдайы белгілі болды

2529 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәрігерлер Алматы маңындағы демалыс аймағында атыс кезінде жаралылардың жағдайы туралы айтып берді. Қазір барлық жаралылар Алматы қаласының No4 қалалық клиникалық ауруханасында жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы маңындағы атыс: Жарақат алғандардың жағдайы белгілі болды

31 қазанда екі науқас ауруханаға оң жақ мықынға оқ ату және сол жақ мықындағы оқ әсерінен ашық жарылыс диагнозымен түскен. Екі науқас та мамандандырылған бөлімге жатқызылып, оларға медициналық көмек көрсетілді.

Науқастар Алматы облысының Іле ауданынан жеткізілген екен.

2 қарашадағы жағдай бойынша науқастардың жағдайы орташа деңгейде қалып отыр. Олар хаттама бойынша толық көлемде ем қабылдайды", деді №4 қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Анарбек Моңғол, .

Бұған дейін Алматы маңындағы Байсерке ауылындағы демалыс аймағының иесі мен қызметкерлері оқтан жарақат алғаны хабарланған болатын. Демалушылар қақтығыстың куәгері болды, қысқа видео да түсіріп, полицейлерді шақырды.

Алматы облысының полиция департаменті де бұл қылмыс осы жылдың 31 қазанында сағат 16.00 шамасында демалыс орындарының бірінде болғанын жоққа шығармады.

"Полицияға белгісіз адамдар қаруды қолданып кісі өлтірмек болғандығы туралы ақпарат түсті. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша "Кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерді анықтауға және ұстауға бағытталған тергеу жедел іс-шаралары жүргізілуде", деді департамент өкілдері.