Аймақтар • 02 Қараша, 2020

Түркістандағы жәрмеңкеге 30 тоннадан астам өнім қойылды

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістандағы жәрмеңкеге 30 тоннадан астам өнім қойылды

Түркістан қаласында ауыл шаруашылығы өнмдерінің жәрмеңкесі өтті. "Алтын бұлақ" автобекетінде өткен сауда алаңында Сайрам мен Төле би ауданы және "Түркістан" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен қала кәсіпкерлерінің өнімдері ұсынылды.

Өнімдер нарықтағы бағадан 10-15% төмен саудаланды. Атап айтқанда, картоп – 90-100 теңге, пияз – 50 теңге, жылқы еті – 1 800 теңге, сәбіз – 70 теңге, қырыққабат – 60-65 теңге, қауын-қарбыз, асқабақтың келісі – 50 теңгеден, сондай-ақ жүзім – 200 теңге, алма – 120-200 теңге, қызанақ – 70-100 теңге, қияр 300 теңгеден саудаланды. Жалпы, жәрмеңкеде 30 тоннадан астам өнім қойылды.