21 Қараша, 2013

Еркін сауда айналымы арта түспек

330 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Mariinsky Palace Saint PetersburgКеше Премьер-Министр Серік Ахметов Санкт-Петербургте өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысты.

Кеңес отырысы бастал­ғанға дейін С.Ахметов әріп­тестерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Алдымен Армения Премьер-Министрі Тигран Саркисянмен кез­десіп, Қазақстан мен Арме­ния арасындағы сауда-эко­но­микалық және мәдени-гуманитарлық саладағы ын­ты­мақтастықты нығайту мә­селелерін талқылады.

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Санкт-Петербургте өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысты.

Кеңес отырысы бастал­ғанға дейін С.Ахметов әріп­тестерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Алдымен Армения Премьер-Министрі Тигран Саркисянмен кез­десіп, Қазақстан мен Арме­ния арасындағы сауда-эко­но­микалық және мәдени-гуманитарлық саладағы ын­ты­мақтастықты нығайту мә­селелерін талқылады.

Өз кезегінде С.Ахметов «Қазақстан мен Армения экономикалық байланыстарды серпінді дамытып, өзара тауар айналымы көлемін арттырғандары жөн деп ойлаймын», деп атап өтті. Ол «бұған сауда-экономикалық ын­тымақтастық бойын­ша Үкіметаралық комиссия­ның тетігін жандандыру кө­мектесетініне» сенім біл­дірді. Кездесу барысында сонымен қатар, Кеден ода­ғы және Бірыңғай эко­номикалық кеңістік аясында ықпалдастықты дамыту мәселелері талқыланды. Т.Саркисян Арменияның Кеден одағына қосылу мүм­кіндігі мәселелеріне қатысты жұмыс топтары құрылғанын айтып, «сарапшы мамандар қажетті келіссөздерді бастауға дайын» деді. Үкі­мет басшылары бұған қоса, өзара тиімді байланыс­тарды арттыруға елдердің зор әлеуеті бар екендігін алға тартып, экономикалық ын­тымақтастықты жандандыруды, ортақ жобаларды жүзеге асыруды өз тараптарынан қолдайтындықтарын жеткізді.

С.Ахметов Кеңес отырысы аясында Ресей Феде­ра­циясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен де кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, сондай-ақ Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік қызметтерінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. С.Ахметов және Д.Медведев екі жақты өзара іс-әрекеттің деңгейін жоғары бағалап, мемлекетаралық қарым-қатынастардың барлық қырлары бойынша байланыс­тарды одан әрі тереңдетуді жалғастыра беретіндіктерін айтты.

Бұдан ары Кеңес отырысы басталды. Делегаттар алдымен шағын құрамда бас қосып, содан соң кең құрамда кездесті. Онда Қазақстан, Беларусь, Ресей, Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Мол­дова, Тәжікстан, Түркі­мен­стан, Өзбекстан және Украи­наның үкіметтік делега­ция­ларының басшылары маңызды интеграциялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Мұндай жиын былтыр­ Минскіде өткен болатын.­ Онда Достастыққа қаты­су­шы мемлекеттердің өз­ара­ іс-әрекетін одан ары дамытуға және тереңдетуге ба­ғытталған бірқатар құ­жаттарға қол қойылған. Бұл жолы да Кеңес отырысы түрлі саладағы ынтымақтастықты дамытудың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Үкімет басшылары салалық ынтымақтастықтың бірқатар органдарының қызметін талқылап, ТМД шеңберінде өзара іс-әрекетке қатысты ұйымдастырушылық, бюд­жеттік-қаржылық және басқа да мәселелерге қатысты келіс­сөздер жүргізді. Атап айт­сақ, отырыстың күн тәр­тібі тізіміне 27 мәселе енгізілген екен. Оның ішінде 16-сы қаржы-экономикалық бағыттағы мәселелерді, қалғандары гуманитарлық саланы қамтыды.

Отырыстың негізгі та­қырыбы ТМД төңірегінде еркін сауда аймағы туралы келісімшартты жүзеге асыру барысын талқылау болды. Бұл ретте ықпалдастық әлеуетін тиімдірек пайдаланып, бірлескен өндірістер, бірлескен трансұлттық кор­порациялар, қаржы-өнер­кәсіптік топтарын құру қа­жеттігі айтылды. Қазіргі таң­да достастыққа бұрынғы кеңестік республикалардың он бірі кіретінін, ал ол елдердің жалпы аумағы 22 млн. шаршы шақырымды немесе Жер шарының алтыдан бір бөлігін алып жатқанын ескерсек, бұл сауда-cаттық үшін аз кеңістік емес. Онымен қоса, достастық елдерінде 282 миллионнан астам адам, яғни жер халқының 4,5 пайы­зы тұрады. Әлемдік мұ­най қорының – 20 пайызы, табиғи газдың – 40 пайызы, көмірдің – 25 пайызы, орман-тоғайдың – 25 пайызы, егістік жердің 13 пайызы осы өңірдің үлесінде. Әлемдік электр қуаты өндірісінің 10 пайызы өндіріледі. Ен­де­ше, бұл интеграциялық қа­ты­настар «ешқандай саяси ойын емес, ол – өмір», сау­да алаңы, экономикалық да­мудың өрісі. Осыны жіті тү­сінген достастық елдері бұл бағыттағы іс-шараларға барынша қолдау танытып, тынысын кеңейтуге тырысуда.

Отырыста сондай-ақ, тағы бір маңызды мәселе ТМД-да тауарлардың шыққан елін анықтау ережелері туралы Келісімге енгізілер өзгертулерді талқылады. Атал­ған құжаттың ерек­ше­лігі – ТМД елдерінде тауар­лардың шығуын серти­фи­каттаудың электронды жүйесін құру және қолдану болып отыр. Сонымен қатар, ТМД-ға мүше-мемлекеттердің жаңартылған энергия көздерін пайдалану саласында ынтымақтастық Тұжырымдамасы мен оны жүзеге асырудың бірінші кезектегі шаралар жоспары қабылданды. Бірінші кезектегі шаралар аясында жаңартылған энергия көздерін өзара үйлестіру тетігін жетілдіру, бірлескен жобаларды, ғылыми бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру жайы қаралды. Бұдан өзге, ақпараттық алмасуды кеңейту және аталған тақырып бойынша білім базасын қалыптастыруды қамту жайы да сөз болып, нақты іс-шаралар жоспары қабылданды. Іс-шаралардың негізгі бөлігі 2020 жылға дейінгі кезеңде орындалмақ. Кеңес отырысының қорытындысында күн тәртібіне шығарылған 27 құжатқа да қол қойылды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары Кеңесінің келесі отырысы 2014 жылдың 30 мамырында Украинаның Киев қаласында өтетін болып белгіленді.

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан» –

Санкт-Петербургтен.

Соңғы жаңалықтар