21 Қараша, 2013

Бердіқұлов байқауы

375 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

02-Сейдахмет Бердикулов2Қазақстан Республикасы Спорт және денешынықтыру істері агенттігі мен Спорт баспасөзі қауымдастығы еліміздің БАҚ журналистері арасында спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұл атындағы жыл сайын өтетін байқаудың басталғанын хабарлайды.

 

01-Сейдахмет БердикуловҚазақстан Республикасы Спорт және денешынықтыру істері агенттігі мен Спорт баспасөзі қауымдастығы еліміздің БАҚ журналистері арасында спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұл атындағы жыл сайын өтетін байқаудың басталғанын хабарлайды.

Сыйлық жылына бір рет үш жеңімпазға тапсырылады. Оның ішінде екі сыйлық – мем­лекеттік тілдің мәртебесін кө­теру мақсатында қазақ тілінде жа­рияланған мате­риалдарға, бір сыйлық – орыс тілінде жарияланған материалдарға белгіленген.

Өтініштер мен мақалалар мына мекенжай бойынша қабылданады: 010000, Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 25 үй, 11 қабат, Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының баспасөз-қызметіне («2013 жылғы С.Бер­діқұл атындағы байқауға» деген белгімен). Қабылдау мерзімі – 2013 жылдың 5 желтоқсанына дейін.

Үміткерлер 2013 жылдағы жұ­­мыс­тарын мына тақырыптар бойынша тапсыруы тиіс.

1.Олимпия ойындарын ірік­теу жарыстарына, әлем және Азия чемпионаттарына, Әлем кубоктарына, халықаралық жа­рыстарға және Қазақстан бірін­шіліктеріне арналған жарияланымдар (очерктер, мақалалар, талдау, телетрансляциялар, телекөпірлер және т.б.)

2.Қазақстандық БАҚ-та бұ­қа­­ралық спортты, балалар мен жас­өспірімдер арасындағы спортты, мүгедектер арасындағы және ұлттық спорт түрлерінен спорт ойындарын, (Спартакиадалар, турнирлер, Паралимпиялық ойындар, ұлттық спорт түрлері фестивалі, ауыл спорты ойындары) т.б. насихаттау.

3.Елімізде денешынықтыру және спорт саласы бойынша проблемалар көтеру және оның шешу жолдарын көрсетіп беру.

Байқаудың жеңімпаздары «Сей­дахмет Бердіқұл атындағы сый­лықтың лауреаты» деген арнайы төсбелгімен марапатталып, диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болады.

Берілген ақпаратты ҚР Спорт және денешынықтыру істері агенттігінің (www.sport.gov.kz) және ҚР ҰШКжСР дирекциясының (www.kazsports.kz) сайттарынан табасыз. Лауреаттардың есімдері ҚР БАҚ-тарында және жоға­ры­да көрсетілген сайттарда орналасады.

Қосымша сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 8 (7172) 91 15 29.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар