Қоғам • 02 Қараша, 2020

Атырауға ұшып келген 240 жолаушыдан коронавирус табылмаған

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауға шетелден ұшып келген 240 жолаушыдан коронавирус инфекциясы табылмады, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауға ұшып келген 240 жолаушыдан коронавирус табылмаған

Облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлағандай, 26 қазан − 1 қараша аралығында "Ыстанбұл-Атырау", "Амстердам-Атырау" бағытымен 3 халықаралық әуерейс ұшып келген.

"Халықаралық әуе рейстерімен 240 жолаушы келді. Олардың арасында 4 жолаушыда коронавирус инфекциясына ПТР-тест анықтамасы болмады. Сондықтан олар карантиндік стационарларға жатқызылды. Алайда, барлық жолаушыдан коронавирус инфекциясына сынама алынды", деп айтып өтті департаменттің баспасөз өкілі.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес жолаушылардың ешбірінен қауіпті инфекция табылмағандықтан, жолаушылар үйлеріне жіберілген.