Үкімет • 03 Қараша, 2020

Асқар Мамин өрт қауіпсіздігі саласына тиісті мән бермеген өңірлерді атады

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Мамин өрт фактілері көбейген өңірлерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz

Асқар Мамин өрт қауіпсіздігі саласына тиісті мән бермеген өңірлерді атады

"Мемлекет басшысы жаңадан құрылған Төтенше жағдайлар министрлігінің алдына азаматтық қорғау мәселелерін дамыту және жетілдіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша міндеттер қойды. Тиімді әрекет ету жүйесін құруға бағытталған шаралар қабылдау қажет. Азаматтар мен олардың мүлкін авариялар мен апаттардан қорғауды қамтамасыз ету керек. Статистикаға қарағанда, кейбір өңірлерде өрт саны, адамдардың жарақаттануы мен қаза болуы көбейген. Әсіресе, Шымкент, Алматы қалаларында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында жер үйлерде өрт санының көбейгеніне назарларыңызды аударғым келеді", деді А. Мамин.

Үкімет отырысында. Осы орайда Премьер-Министр өрт негізінен электр жабдықтары мен пеш жүйесін дұрыс пайдаланбау салдарынан шығатынын атап өтті.

"Өңірлердің әкімдері осы мәселені ерекше бақылауға алып, тиісті шаралар қабылдасын. Материалдық-техникалық жарақтандыру туралы қолданыстағы жол картасын 2018-2020 жылдары іске асыру 404 өрт сөндіру автомобилі мен 19 мың жабдық пен керек-жарақ алуға мүмкіндік берді. Мұның өзі өрт сөндіру қызметінің жарақтандырылу деңгейін жоғарылатты. Бұл жұмыс елордада, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау және Қарағанды облыстарында жақсы жолға қойылған. Осы ретте Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарының әкімдіктері осы мақсатқа жеткілікті қаражат бөлмеген", деді Үкімет басшысы.