Өнер • 03 Қараша, 2020

"Сарыарқа" фольклорлық ансамблі онлайн концерт өткізді

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың 2 қарашасында Сарыарқаның сары даласын жаңғыртып, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы, "Сарыарқа" фольклорлық ансамблінің "Ауылым – алтын бесігім" атты онлайн концерті өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

"Сарыарқа" фольклорлық ансамблі онлайн концерт өткізді

Туып өскен ауылын қадір тұтқан ағайынның ауылға деген махаббатымен ауылға деген сағынышын, қалықтаған әнмен асқақтатып, күмбірлеген күймен көмкеріп, жүректегі сазбен жеткізе білген ән кеші жоғары деңгейде өтті.

Онлайн концертте "Сарыарқа" фольклорлық ансамблі мен бірге жезтаңдай әншілер - Перизат Тұрарова, Айдос Оңғарбай, Арайлым Рахым, Күнсұлу Тұрлыбекова, Данияр Мұқан, Сәулежан Тағзия, Нұржан Мейірхан, Нұрай Танабаев, Нұрлан Тілеужан, Естай Мұқашев және "Әлем" эстрадалық би ансамблі өнер көрсетті.

Руханиятымыздың темірқазығы, асыл құндылықтарымыздың алтын діңгегі саналатын ауыл кешіне арналған ән сапары осылай мәресіне жетті.