Экономика • 03 Қараша, 2020

Доллар арзандады

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz

Доллар арзандады

Сауда-саттық мәліметтерінде, доллар бағамы 2 қараша кешімен салыстырғанда 1,49 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 433,13 теңгені құрады. Сонымен Ұлттық банктің 3 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 434,58 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 434,39 теңгеден сатылса, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 434,83 теңгеден сатылып жатыр.