Медицина • 03 Қараша, 2020

Алматыда COVID-19-дың болжамды жаңа толқынына дайындық жоспары жасалды

271 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген онлайн-сұхбат барысында Алматыдағы №8 қалалық емхананың бас дәрігері Фарида Ағыбаева пандемияның болуы мүмкін екінші толқынына емханалардың дайындығы мен жұмыс алгоритмі туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда COVID-19-дың болжамды жаңа толқынына дайындық жоспары жасалды

Алматыда шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен коронавирус пандемиясының жаңа толқынына дайындықты қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар алдын ала қабылданды.

№ 8 қалалық емхана базасында Алматыдағы барлық медициналық мекемелердің жұмыс алгоритмі түсіндірілді.

- материалдық және материалдық емес ресурстар бойынша тиісті есептеулер арқылы COVID-19 пандемиясының жаңа толқынына дайындық жоспары әзірленді;

- негізгі және қосымша процестер тұрғысынан дайындықты бағалаудың чек-парақтары, ЖРВИ, коронавирус инфекциясы бар науқасқа көрсетілетін бағыт әзірленді;

- эпидемияның екінші толқыны кезеңіне Call-center-де медициналық тіркеу орындарына қосымша 6 адам, пандемияның екінші толқыны кезеңіне жедел медициналық көмек бөлімшесіндегі қосымша фельдшерлік бригадалар (3 негізгі бригадаға дейін, 1 резервтік), 2 автокөлік қажеттілігі есептелген. Қажеттілік бойынша бейінді мамандар қатарынан, оның ішінде үйде шағын инвазивті манипуляциялар және үй жағдайларында жүзеге асырылатын зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізе отырып, мобильді дәрігерлік бригада құрылатын болады.

"Лас" және "таза" аймақтарға бөлу жүргізілді. "Таза" аймақта балалар мен жүкті әйелдерге арналған жеке фильтр-кабинеттері ұйымдастырылған. Пациенттер ағынын сұрыптау үшін дәліз орнатылды. Емхананың кіреберісінде бүкіл науқастар ағынының дене қызуын өлшеу үшін байланыссыз тепловизор орнатылған. Емханаға кірген кезде пациенттер "триаж" жүйесі арқылы өтеді: байланыссыз термометриямен ағындарға бөлу, ЖРВИ және коронавирус инфекциясы белгілерінің бар-жоғына сауалнама жүргізіледі.

"Фильтр" мен оқшаулағыштар бірінші қабатта ұйымдастырылған, онда оларға байланыссыз термометрия және COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттерді анықтау мақсатында сауалнама жүргізіледі. Ауру белгілері анықталған кезде бала уақытша оқшаулағышқа орналастырылады. Педиатр дәрігер қарап тексергеннен кейін, пациент амбулаториялық емделуге жіберіледі немесе провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады. Дене қызуы жоғары балалар емханаға жіберілмейді.

№8 емханада КВИ ауруының симптомсыз, жеңіл, орташа түрі бар науқастарды медициналық бақылау бойынша 12 мобильді топ құрылды. Мобильді бригадалар нормативтік талаптарға сәйкес жабдықталған, соның ішінде жедел шұғыл көмек көрсетуге арналған жиынтықтармен жабдықталған. Осылайша, мобильді бригадалар эпидемиялық жағдайға байланысты медициналық қызметтер кешенін көрсетеді: үйге шақыру бойынша қызмет көрсету, пациенттерге консультация беру (аудио-видео), биологиялық материалдар үлгілерін жинау, ем тағайындау және т. б.

Бүгінгі күні мониторингте  симптомсыз 2 науқас бар. Сондай-ақ, жалпы практика дәрігерлерінің бөлім меңгерушілері деңгейінде ЖРВИ, коронавирус инфекциясы, қауіп тобындағы пациенттерді тиісті сұрыптау және динамикалық бақылау жүргізіледі.

 

АЛМАТЫ