Қазақстан • 03 Қараша, 2020

Ауыл шаруашылығы техникасын қабылдауға бөлінген квота бір тәулікте игерілді

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше ғана іске қосылған ескі агротехникаларды қайта өңдеуге қабылдаудың пилоттық бағдарламасы рекордтық сұранысқа ие болды. Пилоттық бағдарлама аясында еліміздің он қаласынан 100 трактор мен 20 комбайн қабылдау межеленген. Алайда тозығы жеткен техникаларын қос-қостан тапсыруға ниет білдірушілердің көптігі сонша, бөлінген квота бір күннің ішінде игерілді. Пилоттық бағдарламаға кірмеген қалалардың өзінен сұраныс артып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Ауыл шаруашылығы техникасын қабылдауға бөлінген квота бір тәулікте игерілді

Тозығы жеткен агротехниканы қабылдаудың пилоттық бағдарламасы Қазақстанның 10 аймағында (Петропавл, Қостанай, Павлодар, Көкшетау, Қарағанды, Талдықорған, Семей, Шымкент, Қызылорда, Тараз) жүзеге асырылуда. Айта кету керек  пилоттық жоба аясында комбайндар әзірге Петропавл, Қостанай, Павлодар, Көкшетау қаласында қабылданады. Тракторлар мен комбайн тапсырғандарға жеңілдік сертификаттары беріледі. Жеңілдік сертификатының құны ауылшаруашылығы техникасының түрі мен жинтығына байланысты 560 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін бағаланады.

Жеңілдік сертификатын Қазақстанда құрастырылған жаңа ауыл шаруашылығы техникасын немесе елімізде шығарылған автокөлік құралын сатып алатын кезде пайдалануға болады. Айта кету керек жеңілдік сертификатымен K-730, K-742, K-740 сияқты елімізде кең қолданыста жүрген премиум санатындағы техникаларды және Lovol, Беларусь тракторларын,  Essil, Acros комбайндарын және басқа да модельдегі техникаларды сатып алу кезінде пайдаланға болады.

Жаңа техникалардың барлық модельдерін отандық ауылшаруашылық техникаларын және автомобиль өндірушілердің ресми сайттарынан көруге болады.