"Тексерушілер "Ақжол", "Castle" "Sultan Hall" мейрамханаларында үйлену және мерейтойлар өткізу фактілерін тіркеді.
Ал "Мұрагер" сауда үйінде маска режимі сақталмайды. Мұнда термометрия жоқ болып шықты. Сәтпаев көшесіндегі "Фудзи" суши барында қызметкерлер маскасыз және қолғапсыз қызмет көрсетеді.
"Бармаглот" барында 30-дан астам келуші сағат 22:00-ден кейін де болған. Жұмыскер кентіндегі "Гүлдияс" дүкені сағат 23:00-ден кейін қызмет көрсетіп, шектеу шаралары режимін бұзған", деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.