Аймақтар • 03 Қараша, 2020

Алматыдағы Медеу ауданы тұрғындарының мәселесі қалай шешіледі?

209 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде тұрғындары бірнеше мәрте көмек сұраған Медеу ауданының түйткілді учаскелерінде болды, ддеп хабарлайды Egemen.kz

Алматыдағы Медеу ауданы тұрғындарының мәселесі қалай шешіледі?

Алдыменн еске сала кету керек, бұған дейін тау бөктеріндегі тұрғындар көшкін қаупінен қорқып, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтан көмек сұраған еді. Оның тапсырмасы бойынша қаражат бөлінді және беткейлерді нығайтуға мүмкіндік беретін габион құрылымдарының құрылысы жүзеге асты. Сонымен қатар, жаңбыр суларын ағызатын арықтар жасалуда.

Мәселен, "Думан" ықшамауданында 18,5 шақырым сумен жабдықтау және 26 шақырым су бұру желілерінің құрылысы аяқталып келеді. Қоғамдық көлік бағыттары өтетін 6 көшеде – Хан Тәңірі, Қазығұрт, Қарқаралы, Ақмешіт, Борабай, Болашақта 3,7 шақырым жолда күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Қала әкімі Б.Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлағандай, бұл жұмысты қараша айында аяқтау жопарланған.

"Келесі жылы қалған 53 көшенің жолдарын жөндейміз. Сондай-ақ «Мұзтау» ықшамауданында инженерлік желілерді салуға байланысты қазылған жол жабынын тез арада қалпына келтіруді тапсырдым. Бутаковка шатқалына апаратын жолдың ұзындығы 4,6 км. Бұл жол туристік бағыттардың қатарына кіреді", деп жазды Б. Сағынтаев.

Тағы бір мәселенің шешімі жауын-шашын салдарынан көшкіннің жүруі ықтимал «Компот» деп аталатын массивтің тұрғындарын қорғауға мүмкіндік берді. Көккинаки көшесіндегі қауіпті аймақта 42 үй болған. Биыл жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 350 шақырым болатын беткейлерді нығайту жоспарланған. Алмалық көшесі бойындағы еңісті нығайтып, арық жүйесін орнату жұмыстары аяқталды, мұндағы қауіпті аймақта 60 үй болды.

 

АЛМАТЫ