Аймақтар • 03 Қараша, 2020

Ақтауда жаңа модульдік стационар өз жұмысын бастады

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Маңғыстау облыстық ауруханасының "В" блогында ем қабылдап жатқан 24 науқас Ақтаудағы жаңа модульдік стационарға ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтауда жаңа модульдік стационар өз жұмысын бастады

Бұдан былай Covid-19 және пневмония диагнозы қойылған науқастар осында ем-дом қабылдайтын болады. Инфекциялық бөлімшеде заманауи жасанды тыныс алу аппараттары, оттегі стансасы, биофильтрмен ағынды-сорғылы желдету жүйесі, арнайы көліктерді өңдеу және зарарсыздандыру стансасы бар.

Ақ халаттылар тұрғындарды әлеуметтік арақашықтықты сақтауға және бетперде тағып жүруді естен шығармауға шақырады. Қазір жағдай тұрақты болғанымен, санитарлық-эпидемиялық ахуал бір сәтте тұрақсыз болып кетуі ғажап емес.

Еске сала кетейік, жаңа модульдік стационар 200 науқасқа шақталған. Бұған дейін кадрлық резерв және мамандардың біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25