Аймақтар • 03 Қараша, 2020

Бас прокурор Қарағанды облысына барды

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов жұмыс сапарымен Қарағанды болды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокурор  Қарағанды облысына барды

Жұмыс сапары барысында ол Теміртау қалалық прокуратурасы мен полиция басқармасында болып, онда "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Президенттің Жолдауында берілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында негізгі процессуалдық шешімдерді келісу бойынша енгізілген пилоттық жобаның жүзеге асыру жағдайымен танысты.

Қадағалау органының басшысы тергеушілермен және қадағалаушы прокурорлармен кездесті. Олар процессуалдық шешімдерді міндетті түрде келісу тәртібін енгізгеннен кейін тергеу органдарының жұмысының жеңілдеуін, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасының артуын және прокурорлық қадағалаудың ұйымдастыру мәселелерінің жақсаруын атап өтті.

Сондай-ақ, облыс әкімінің, Ішкі істер министрі орынбасарының, полиция, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен экономикалық тергеу қызметі департаменттерінің басшыларының қатысуымен аймақтағы заңдылық, құқық қорғау органдарының өзара әрекеттестігі және қылмыстық процестегі кәсіпкерлікті қорғау мәселелері талқыланды.

Сапар нәтижесінде Бас прокурор жобаны жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.