Ұлыбританияда орыс тілі ең қажетті шет тілдердің ондығына кірді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Мәдениет саласындағы халықаралық байланыстар жөніндегі Ұлыбритания кеңесінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта мамандар ең қажет деп тапқан шет тілдерін білетін адамдардың аздығы сезілуде. Кеңестің өкілі Джон Уорн осыған байланысты Ұлыбританияның экономика мен мәдениет саласындағы позициясы төмендеп бара жатқанына сенімді.
Зерттеу жүргізген мамандар ең қажетті бес тілдің қатарына испан, араб, француз, қытай және неміс тілдерін енгізді. Ал олардан кейін, португал, итальян, орыс, түрік пен жапон тілдері ең қажетті деп танылды.
«Югов» зерттеу тобы анықтағандай, Британия халқының 75 пайызы жоғарыда көрсетілген тілдердің бірінде де сөйлесе алмайды екен. Ал 15 пайызы француз, неміс, итальян мен испан тілдерінде өз ойларын жеткізе білетін көрінеді.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com