Өнер • 04 Қараша, 2020

Табиғатты аялауға шақырды

932 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында «Бұл ғажайып әрі нәзік әлем» атты сурет көрмесінің ашылуы өтті. Іс-шараны «Stop Musor» әлеуметтік жобасы шеңберінде Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы ұйымдастырды.

Табиғатты аялауға шақырды

Қоршаған ортаға төнген қатерді айқын көрсету арқылы адамдардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды көздеген жоба «Таза болса табиғат, таза болар адамзат» ұранын алға ұс­таған. Белгілі отандық суретшілер Нел­ли Бубэ, Мұхит және Руслан Ақа­наевтар, Сәуле Сүлейменова, Жә­милә Такен, Шаттық Батан, Алмас Нұр­ғожаев, Нұрболат Асқар, Камила Бая­нова, Равиль Нарегеев, Темірәлі Нә­жі­меденовтердің қаламынан туған шы­ғармалар тақырыпты аша түскен. Суреттер сериясы 30-дан астам туындыдан тұрады, оған әртүрлі тәсілдерді ұштастырып, қолданыста болған қай­талама материалдардан жасалған жұ­мыстар кірген.

– Көрме аясында қала тұрғындары мен қонақтары біздің шеберлердің картиналары арқылы Қазақстанның көрікті табиғатын тамашалай алады. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау өткір мәселе екеніне назар аудара­ды. Әртүрлі көркемдік техниканы қол­дана отырып, қайталама материалдардан жасалған жұмыстардың бол­ғаны қуантады. Бұл шығармашыл жастар үшін үлкен өнеге. Көрмеге сәт­тілік тілеймін және жұмысты үй­ден шықпай-ақ экспозицияны онлайн та­машалай алатынын айтқым келе­ді, – дейді «Қазақстанның экология­лық ұйымдарының қауым­дастығы» ЗТБ Президиумының Төр­айымы Әлия Назарбаева.

Тұжырымдамаға сәйкес көрме екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім ав­торлардың шығармашылық мін­дет­терін айқындап тұрғандай. Мұнда елі­міздің тұмса табиғатын көрсететін көркем туындылар қамтыл­ған. Экс­по­­зицияның екінші бөлі­мі қор­ша­ған ортаны ластанудан қор­ғау қа­жетті­лігі туралы сұрақ­тар ту­­ғы­зады. Көр­ме айналаға ұқып­ты­­­­лық­пен қарауға, сондай-ақ қайта­ла­ма шикізатты қайта өңдеуге бейстан­дарт­тық, шы­ғармашылық тұрғыдан келуге ша­қырады.

789

«Жалпы, көптеген тұтынушы қо­қыс­ты дұрыс тастаса да, қорша­ған орта тым көп мөлшердегі қалдық­тар­мен ластануда. Өкінішке қарай, адам­дар қалдықтардың мөлшері мен құрамы, ыдырау қабілеті туралы қа­те түсініктерге байланысты қо­қыс мәселесін жауапкершілікпен қабыл­дамайды. Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығымен бірге біз бұл мәселені кешенді тәсілде, со­ның ішінде хабардарлықты артты­ру шараларын қолдана отырып ше­ше­міз. «StopMusor» жобасы аясында атқа­рылып жатқан барлық белсенділік қо­ғам назарын қоқысты дұрыс кәдеге жа­ратуға аударады деп үміттенемін. Со­ның ішінде қоқысты пайдаланумен орындалған өнер туындыларына ар­налған бүгінгі көрме де бар», – деп атап өтті Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі Филип Мор­рис Интер­нэшнл компаниясының директоры Хуан Карлос Эскобар.

7897897

Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаевтың пікі­рінше, «StopMusor» сияқты әлеуметтік жобаларға өнер өкілдерін тарту өте маңызды. Көрме көпшілікке елде және әлемде бар экологиялық мәселелер туралы ақпараттық түсінік береді. Мұндағы өнер – зияткерлік және білім беру көпірі. Себебі келушілердің түй­сігі көрмеден кейін өзгеруі мүмкін.

 

АЛМАТЫ