Қоғам • 04 Қараша, 2020

"Ақ жол" партиясының сайлауалды құрылтайы 20 қарашада өтеді

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының сайлауалды құрылтайы 20 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Бүгін "Ақ жол" демократиялық партиясының филиалдары төрағаларының қатысуымен өткен партияның Орталық Кеңесінің пленумында осындай шешім қабылданды. Отырысты онлайн режимде партия төрағасы Азат Перуашев өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Ақ жол" партиясының сайлауалды құрылтайы 20 қарашада өтеді

"Құрылтайдың өтетін орны мен күн тәртібіне қатысты ұсыныстарды дайындауды партияның орталық аппаратына тапсырамыз. Алдағы құрылтайдың форматы коронавирусқа, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты таңдалады. Филиалдарға сайлауалды бағдарлама жобасы жіберіледі. Өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды дайындауды сұраймын", – деді Азат Перуашев.

Сондай-ақ Орталық Кеңес құрылтай күн тәртібінің үш мәселеден тұратын жобасын бекітті. Олар партияның Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауына қатысуы туралы, партиялық тізімдерді бекіту туралы және партияның сайлауалды бағдарламасының жобасы туралы.

"Партия басшылығы 24/7 режимінде "non-stop" жұмыс тәртібіне көшті, сондықтан бәріңіздің байланыста болып, ағымдағы және ұйымдастырушылық мәселелерді жедел шешулеріңізді сұраймын", - деді Азат Перуашев партиялас әріптестеріне.