Спорт • 04 Қараша, 2020

Велоспорт: Александр Власов 24-орында қалып қойды

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біздің велошабандоздар арасында ең үздік көрсеткішке Александр Власов қол жеткізді. Ол 24-орынды қанағат тұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Велоспорт: Александр Власов 24-орында қалып қойды

Өзге спортшыларымыздың нәтижесі одан да төмен. Ал бұл кезеңде "Team Jumbo-Visma" клубының серкесі Примож Рогличке тең келер ешкім табылмады. Словениялық саңлақ 33,7 шақырымдық қашықтықты 46 минут 39 секундта жүріп өтті.

Дәл осы спортшы жалпы есепте де көш бастап келеді. Оның көрсеткіші – 49:16:16. Екінші және үшінші орындарды Ричард Карапас ("INEOS Grenadiers") пен Хью Карти ("EF Pro Cycling") иеленуде. "Астананың" үздігі Александр Власов тоғызыншы сатыға табан тіреді.