Қоғам • 04 Қараша, 2020

Алматы облысының жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 34% жетеді

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пандемия кезінде  шағын және орта бизнес көп зардап шекті. Соған байланысты Алматы облысында дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде бизнестің 119 мың субъектісі салықтық ынталандыруға қол жеткізді, 641 субъектіге 24 млрд. теңге несие бойынша төлемді кейінге шегеруге жағдай жасалды. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласында Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен брифинг кезінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлады Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 34% жетеді

Баяндамада айтылғандай, өңірдегі 6,5 мың жалгерлер үшін жеке секторда жалға алу құны 30%-тен 90%-ке дейін төмендетілген, бизнестің 690 субъектісі коммуналдық меншік мүліктерін жалға алу төлемінен толық босатылды. Кәсіпкерлікті қолдауға бюджеттен 16,2 млрд теңге бөлінді.

"Осы айтылған шаралардың барлығы шағын және орта бизнес көрсеткіштерін өткен жылдың деңгейінде сақтауға мүмкіндік берді. Соған сәйкес шығарылған өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 1,7 трлн. теңгені құрап, жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 34% жетеді. Бұл көрсеткішті 2025 жылға қарай 35 %-ға жеткізу тапсырылған болатын, біз бұл межеге келесі жылы жете аламыз", - деді А. Баталов.