Үкімет • 04 Қараша, 2020

Асқар Мамин "Татнефть" бас директорын қабылдады

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

А. Мамин "Татнефть" бас директоры Н. Магановпен Қарағанды облысының Саран қаласындағы шина зауытының жобасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асқар Мамин "Татнефть" бас директорын қабылдады

Тараптар Қарағанды облысының Саран қаласында автомобиль шиналарын өндіру жобасын (инфрақұрылымды қамтамасыз ету, жобаны іске асырудың жоспар-кестесін келісу және т. б.) іске асыру жөніндегі дайындық жұмыстарының барысын талқылады. Үкімет басшысы ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті дамыту үшін ҚР-да шина зауытын салудың маңыздылығын атап өтті.

Жобаны іске асыру туралы инвестициялық меморандумға Қарағанды облысының әкімдігі мен "Татнефть" ЖАҚ биыл 27 қыркүйекте А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Миннихановтың қатысуымен Қостанай қаласында қол қойды.

Зауыттың өндірістік қуаты жеңіл техникаға арналған 3 млн шинаны және коммерциялық техника мен автобустарға арналған 500 мың шинаны құрайды. 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 111 млрд теңгені құрайды. Зауытты 2022 жылы пайдалануға беру көзделген.