Әлем • 04 Қараша, 2020

Таиланд билігі туристерді бақылаудың жолын тапты

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландқа ұзақ мерзімді виза бағдарламасы бойынша келген шетелдік туристер электронды браслет тағуға міндеттеледі. Оның көмегімен билік олардың орналасқан жерін қадағалап, денсаулығы туралы мәлімет алады, деп хабарлайды Egemen.kz

Таиланд билігі туристерді бақылаудың жолын тапты

Браслет қан қысымын, импульсті және дене қызуын өлшейді. Егер ол 37,5 градустан асса, құрылғы дереу тай дәрігерлеріне хабарлайды. Сондай-ақ браслет турист үшін көмекші болады. Адасып қалған жағдайда дұрыс бағытты көрсетеді және карантиннен өтуге байланысты мәселелерді шешуге көмектеседі.

Жобаны Тайландтың цифрлы экономика және қоғам министрлігі бірқатар стартаппен бірлесіп, жүзеге асырып жатыр екен. Туристерге арналған браслеттерді енгізу – алғаш рет қыркүйекте, ұзақ мерзімді визаға үміткерлерге қойылатын талаптар белгілі болған кезде пайда болған.

Бұл құжатты рәсімдеудің жалпы құны, шамамен 400 доллар. Елге кем дегенде 90 күн бойы кіре аласыз, оның алғашқы екі аптасын карантинде өткізесіз. Коронавирустың таралуы тұрғысынан "қауіпсіз" мемлекеттердің азаматтары ғана өтініш бере алады. 

Соңғы жаңалықтар